» » Газды қауіпсіз пайдалану ережелері туралы қарапайым сөздермен

Газды қауіпсіз пайдалану ережелері туралы қарапайым сөздермен


Газдың қауіпті екенін бәрі де біледі, алайда, оны ұзақ уақыт бойы пайдалануға үйреніп, қауіпсіздік шараларын естен шығарып алады.
Табиғи газды тұрмыста пайдалану адамдардың өміріне қауіп төндірмес үшін тұрмыста газды пайдалану ережелері талаптарын қатаң сақтау қажет. Аталған ережелермен тұтынушыларды газ шаруашылығы қызметкерлері пәтерлерді немесе жеке үйлерді газ жүйелеріне қосу барысында таныстырады.
Тұтынушылар газ құрылғыларының, жылыту пештері мұржаларының қалыпты жұмыс істеуін қадағалап отыруға тиіс, ал пайдалану аяқталғаннан кейін газ құрылғысының крандарын жауып қою қажет.
Қысқы-көктемгі кезеңде сыртқы ауа температурасы мен жел жылдамдығының күрт өзгеруінен мұржалардың жиектеріне мұз қатып, ішіне басқа заттар түсуі мүмкін. Сол себептен түтіннің тартуы нашарлап немесе кері шығуы мүмкін. Түнгі уақытта жанып тұрған газ құрылғыларын қараусыз қалдыруға болмайды. Сыртқы ауа температурасы төмендегенде мұржаның қызбауы себебінен су буы кристаллданып, мұржаның ішіне мұз қатып, түтіннің шығуына кедергі болады.
Бұндай кезде толық жанбаған табиғи газ (улы газ) бөлмеге таралады. Сондықтан жылыту құрылғыларын жақпастан бұрын терезелерді ашып, бөлмені, от жағар орынды және мұржаны желдетіп алу қажет.
Газ құрылғыларын жақпастан бұрын және жанып тұрған кезде міндетті түрде мұржадан түтіннің тартуын тексеріп отыру қажет.
Өкінішке орай кейбір тұтынушылар қауіпсіздік мәселесіне немқұрайлы қарап, нәтижесінде өздері немесе туысқандары қайғыға ұшырап жатады.
Тұрмыста газды пайдалану ережелерінің кейбір тармақтарын естеріңізге саламыз:
– газ құрылғыларын өздігіңізден газ жүйесіне қосуға немесе жөндеуге, олардың орнын өзгертуге, пештердің сылағы жарылған кезде және мұржаларда түтін тартпай тұрған кезде газды пайдалануға тыйым салынады;
– жанып тұрған газ құрылғыларын қараусыз қалдыруға, әсіресе, түнгі уақытта болмайды. Салдарынан өрттер мен газ аралас ауаның жарылыстары болуы мүмкін;
– мұржаны күйден және бөтен заттардан мезгілімен тазалап, оның бүтіндігін тексеріп отыру қажет;
– бөлмеде газдың иісін сезсеңіз, есіктер мен терезелерді ашып, бөлмені желдету қажет, жарық пен электр құралдарын қоспаңыз және «109» телефон номерімен шұғыл түрде авариялық газ қызметін шақырыңыз.
Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңына сәйкес, үйлер мен пәтерлерде жанып тұрған газ құрылғыларын қауіпсіз пайдалануға, олардың қалыпты жұмыс істеуіне иелері жауапты екенін есте сақтау қажет.

11 шілде 2022 ж. 737 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 066

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031