» » Ертеде қазақ қоғамында неке бұзу мәселесі қалай шешілген? Қазіргі таңда қалай?

Ертеде қазақ қоғамында неке бұзу мәселесі қалай шешілген? Қазіргі таңда қалай?

qarmaqshy-tany.kz «Отбасы – мемлекеттің тірегі»  дегенді жиі естиміз. «Орман-тоғай  жап жасыл болып жайқалуы үшін ондағы әрбір терек бүр атуы тиіс» деген сөзді мемлекеттік дәрежеде де мысал етуге болар еді. Яғни, отбасы құндылығы жоғары, шаңырақ татулығы берік сақталатын елдің келешегі бар.
 "Қазақ қоғамында ерте заманда жастардың екі жаққа кетуі мәселесі қандай болған?" деген сұрақ туындайды. Жалпы бұрынғы заманда ажырасу мәселесі болған ба?
Дәстүрлі қазақ қоғамында ажырасу өте сирек кездескен. Тіпті ажырасу жоқтың қасы болған.  Ертеден атастырып, айттырып, үйлендіріп, құдаласқан екі рудың арасындағы бітімгерлікпен келген дүние болғандықтан ажырасу мүмкін емес. Қалың мал төлеп, соның есесіне асып түсетін дүние әкелгеннің өзі некенің берік болуына төленетін материалдық кепілдік болған. Ондай кездері ажырасуды кім бастайды, сол материалдық жауапкершілікті қайтарып, төлейтін болған.  Деректерге сүйенсек, әмеңгерліктің болуы да некенің бұзылуына, жетім-жесірлердің көбеюіне жол бермеген екен.
Қазақы ортада әдет-ғұрыпқа сай ажырасуға себеп болатын жағдайлар көбіне күйеуіне қатысты жағдайдан туындаған:
- Күйеуі қылмыс жасап, ұзақ уақытқа қамалса;
- Басқа дінді қабылдаса;
- Ұзақ уақыт (3-4 ай) бойы хабар-ошарсыз жоқ болып кеткен кезде әйелдің ажырасу талабын қоя алатын құқығы болған.
Ертедегі қоғамда екі жас екі жаққа кету мәселесі туындағанда ауыл ақсақалдары мен билер де маңызды рөл атқарған.  Негізінде, ажырасу әйелдің төркіні тарапынан жасалған талаптарға байланысты немесе әйел ауыл ақсақалдары мен ықпалды адамдарға немесе билерге шағымданған кезде қаралған. Егер әйелдің күйеуіне шағымы болса, көп жағдайда бұл мәселе қаралуға үш ай уақыт берілген. Егер ажырасу туралы шағымына әйелдің мінезі себеп болса, ол шағымды қарастырушылар тарапынан көбіне қабылданбайды, дәлірегі әйелдің мінезі ажырасуға себеп бола алмаған екен. Ішінара әйелдердің ерлерінен қашып кетуі аз болса да, кездескен. Қалыптасқан үрдіс бойынша, ажырасу үшін алдымен әйелі күйеуінен үш рет қашып шығуы керек болған. Үшінші рет қашып шыққаннан кейін ел-жұрт әйелдің күйеуінен жәбір көргенін растайтын болса немесе ері әйелін үйден қуып жібергенін куәгерлер растаса, бірнеше жыл қарамағанын дәлелдейтін болса ғана ажырасуға рұқсат берілген.
Этнографтардың айтуынша, ажырасуға ниетті бірінші болып білдірген адам айып төлеген екен. Қазақы түсінік бойынша, әйел кінәсіз болған жағдайда, оның пайдасына ортақ мал мүлкінен арнайы үлес беретін. Оған қоса әйелдің күнделікті өмірде пайдаланған тұрмыстық заттары қоса берілген. Неке бұзылған кезде кінәсіз деп танылған әйелге тиетін мұндай үлесті "ақымар" деп атаған. "Ақымар" малдай, жылжымайтын мүліктей немесе ақшалай да берілген.
Қазіргі  таңда неке бұзу АХАЖ және сот органдары арқылы бұзылады.
2022 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында Қазақстанда 128,5 мың жұп шаңырақ көтерсе, 17,7 мың отбасы ажырасқан. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы мәлім етті. Бұл соңғы жылдары азаматтар арасында неке бұзудың көбейгенін көрсетеді. Кейбірі тұрмыстық жан-жанжалдын зардабыннан ажырасуға бел байласа, енді бірі жалған ажырасуда.  Олар мемлекеттен субсидия мен жеңілдіктер алу үшін кеңінен қолданып жатыр. Өйткені некені бұзу жан басына шаққандағы орташа табыс мөлшерін азайтып, аз қамтылған отбасы мәртебесін алу үшін қажетті деңгейге дейін төмендетуге  жол ашады.  Заң жүзінде ажырасқанымен, ата-аналар әдеттегі отбасылық өмірін жалғастыра береді. Бірақ кәмелетке толмаған әр баласы үшін жәрдемақы мен жалғызбасты ана ретінде коммуналдық қызметтерге субсидия алуға құжаттар тапсырады. Осының салдары сотта неке бұзу істерін көбейтіп, шын мұқтаж жандардың көмек алу кезегін тежейді.
  • Қармақшы аудандық сотында 2022 жыл 131 неке бұзу туралы арыз келіп түскен. 11 соттылығы бойынша жолданса, 83 іске шешім қабылданған, 9 – медиациялық келісімге  келген. Бұл өткен жылға қарағанда неке бұзу туралы арыздарың көбейгенін көрсетеді.  Некелік одақтың тұрақты болуына мемлекет мүдделік танытыды. Сондықтан, соттарға заң арқылы ерлі зайыптыларды татуластыру жөнінде шаралар  қарастырылған.
  • Соттан тыс татуластыру орталықтары ашылып, жұмыстануда. Бұл орталықтан келушілер медиатордың, адвокаттардың, нотариустар мен сот орындаушыларының қызметтерін тегін ала алады. Сонымен қатар Қармақшы ауданыны мен ауылдық округтерде де билер кеңесі құрылып, жергілікті халықтың тыныштығын бұзатын келеңсіздіктерді үшін қызмет жасауда.

Қармақшы аудандық сотының бас маманы Бисенова Рахия
02 наурыз 2023 ж. 321 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031