» » Қазақстанда қай аймақтың тұрғындары көп ажырасады?

Қазақстанда қай аймақтың тұрғындары көп ажырасады?

Қазақстанда 2018 жылдың қорытындысы бойынша 54,8 мың ажырасу фактісі тіркелген. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 0,3 пайызға жоғары, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі статистика комитетіне сілтеме жасап.

Ажырасу деректерінің 27,1 пайызы 5-9 жыл некеде болғандар арасында байқалып отыр. Некелері 2-4 жылды құраған жас жұбайлар арасындағы ажырасушылардың үлесі 23,5 пайыз. Бір жыл бірге тұрғандар арасындағы ажырасу дерегі 7,5%, бір жылға дейінгілер арасындағы көрсеткіш 5,3 пайызға тең. Он жыл отасып ажырасқандар да аз емес. Олардың үлес салмағы 36,6 пайызды құраған.
Ең көп ажырасу деректері солтүстік аймақтар – Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарына тиесілі. Шаңырақтың шайқалу фактілері қазағы басым Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарында аз ұшырасады.
2018 жылы 137,8 мың жас отау құрған. Бұл 2017 жылдан 2,8 пайызға төмен. Тіркелген некелердің жоғары коэффиценті елордада байқалуда. Онда мың адамға шаққанда 10 неке тіркелген. Үйлену деректерінің төменгі көрсеткіші Ақмола облысында көрініс табуда: 1000 адамға шаққанда 6 неке. 


18 шілде 2019 ж. 884 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031