» » Әкем үйреткен

Әкем үйреткен

qarmaqshy-tany.kz БІЗДІҢ МЕКТЕПТЕ «ӘКЕМ ҮЙРЕТКЕН» АТТЫ АКЦИЯҒА ҚАТЫСУ ТОҚСАН САЙЫН ЖҮРГІЗІЛІП ТҰРАДЫ. АКЦИЯДАН ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАРДЫ БІЛУМЕН БІРГЕ, ӘКЕ ТӘРБИЕСІ МЕКТЕБІНІҢ ҚАЛЫПТАСАТЫНЫН БАЙҚАДЫМ. ӘКЕНІҢ БАЛАҒА ҚАНШАЛЫҚТЫ ЖАҚЫНДЫҒЫН БІЛУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ІСШАРАДА КӨП ӘКЕНІҢ БАЛАҒА ҚАЛАЙ ЖАҚЫН БАЙЛАНЫСТА ЕКЕНІ БІРНЕШЕ ЖҰМЫС ТҮРІНЕН КӨРCЕТІЛДІ. ҚАЗІРГІ ТАҢДА ӘКЕЛЕР БІЗДЕРГЕ НЕ ҮЙРЕТЕ АЛАДЫ?
Ардагер ұстаз Сағат Абауов ағай әкенің тәрбиесін 100 мектепте бере алмайды, деп әкенің мәртебесі жоғары екенін айтып, ұлдарға кеңесін берді.
Іс-шарада Шалқар Серімбетов спортқа жақын болуды, ер бала болғасын батыл, қайсар, тепсе темір үзетін, ел қорғайтын, жеріңе адал қызмет етуге шақырды. Жақсы әке жас кезінде жақсы бала болсаң қалыптасады, деп қадап айтумен бірге спортқа да көп көңіл бөлуге үндеді.
Жас маман Жүрсін Мәліков ер балаларға қатысты көп мәлімет берді. Психолог Ғазиз Ибрашов «Әке мен баланың қалдырған мейірімі» атты бейнеролик көрсетті. 9 сыныпта оқитын Сағыныш Әбенов әкесінің жылқыға құрықты қалай салған бейнеролигімен бөлісті. Мұхаммед Қайратұлы жеке қожалықтағы жылқы мен түйені қалай баптауды әкесімен бірге түсіріп, үлгі көрсетті.
Кенжебек Рамазан әкесімен жазғы уақытта пішен ору, бақша егуді үйренген кездерін әңгімеледі. Төменгі сыныптағы балалар түсірген бейнероликтері арқылы әкелерімен мақтанып ойларын ортаға салды.
Акцияда әкеміздің асқар тау екенін түсіндім. Менің әкем газет оқиды, теледидардан жаңалық тыңдайды. Ол бізге қатаң тәрбиені өзінің ісі арқылы әкесінің үйретіп-көрсетіп кеткенін, әкенің мәртебесін үйдегі ақылды анамыз көрсете білген деді. «Әкең келе жатыр, әкеңе айт, әкеңе барып сәлем бер» деудің өзі тұнып тұрған тәрбие екен. Қадірін түсініп, тәлімін алу керемет. Челленжден кейін әкемді жақсы көріп, айтқанын бұлжытпай орындауға уәде бердім. Әкем әкесінен үйренген өнегесі мен еткен еңбегі арқылы балаларына қамқор бола білді. Жақында жаңа үйге кірдік. Ол құрылыс жұмыстарын жақсы меңгерген адам. Әкемнен көп жұмыстың түрлерін танып, екі ініммен оған жәрдем береміз. Төрт түліктің түрлері жылқыны да баптаймыз. Әкем атамнан көп шаруаны үйренгенін тілге тиек етті. Әкенің тәрбиесі өшпес мұра болып қалады екен.
Саян ХАБУБУЛЛАЕВ,
№29 орта мектептің оқушысы
27 ақпан 2023 ж. 499 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 352

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 433

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930