» » Тұншықтырғыш газ, абайлаңыз!

Тұншықтырғыш газ, абайлаңыз!

qarmaqshy-tany.kz ЖЫЛЫТУ КЕЗЕҢІНДЕ ҚАТТЫ ОТЫНМЕН ЖАНАТЫН ПЕШТЕРІҢІЗГЕ ҚАТАҢ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, ӨЗІҢІЗГЕ ДЕ БАСҚАЛАРҒА ДА ЗАРДАП ӘКЕЛМЕУ ҮШІН ЖӨНГЕ КЕЛТІРІҢІЗ. ПЕШТІҢ ТҮТІН ЖҮРУ ЖОЛЫНЫҢ ДҰРЫС ІСТЕМЕУІ НЕМЕСЕ ПЕШТІҢ ҚАҚПАҒЫН МЕЗГІЛІНЕН БҰРЫН ЖАУЫП ТАСТАҒАН ЖАҒДАЙДА АДАМДАРДЫҢ ГАЗБЕН УЛАНУЫ ОРЫН АЛАДЫ. ОСЫДАН ОНЫҢ ТҰРМЫСТЫҚ АТАУЫ – ТҰНШЫҚТЫРҒЫШ БОЛДЫ. КӨМІРТЕГІ ТОТЫҒЫ – ЕҢ АЛДЫМЕН ҚАНДЫ, СОНДАЙ-АҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІН, БҰЛШЫҚ ЕТТІ, ЖҮРЕКТІ УЛАНДЫРАТЫН ӨТЕ КҮШТІ УЛЫ ЗАТ. БАСТЫ ҚАУІП-ҚАТЕР КӨМІРТЕГІ ТОТЫҒЫ ӨКПЕ АРҚЫЛЫ ТЕЗ АРАДА ҚАН КЛЕТКАЛАРЫНА КІРЕДІ ДЕ, ОНЫҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ОТТЕГІНІ АУЫСТЫРАДЫ.

Сурет: Ашық дереккөз
Уландыру әсері ол тыныс жолдары арқылы қанға өтіп, гемоглобиннен оттегіні ысырып, ағзадағы оттегіні тасымалдау қызметін бұзады. Содан ағзада жедел оттегіге ашығу болады.
Тұншықтырғыш газымен уланудың белгілері: Уланудың жеңіл дәрежесінде бастың ауырсынуы, пульсациясы, маңдай мен төбе аймағында ауырсыну сезімі, көз алдында ұсақ қара дақтар пайда болып, құлағында шу болады, тері қабаттарының қызаруы, жүрегі қатты соғады, құлағы бітеліп, дірілдеу, әлсіздік, жүрегі айну мен құсу пайда болады.
Уланудың ауыр дәрежесінде жоғарыда айтылған белгілер мен қоса: ұзаққа созылған бұлшық еттің ауырсынуы, пульс жиілеуі, қарашығы кеңейіп, тынысы тарылып, бас айналады. Есі шатасып, ұйқышылдық болады. Бұлшық еттің әлсіздігінен ішектер мен қуықтың өздігінен босаңсуы болады. Науқастың беті бозарады, жүрек соғысы естілмей, тыныс алуы әлсіреп, біртіндеп тоқтауы мүмкін.
Тұншықтырғыш газымен улану кезіндегі алғашқы көмек барынша жедел жасалуы тиіс.
Жедел жәрдем шақырып, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмекті көрсете бастаймыз. Егер зардап шегуші ессіз жағдайда жатса, онда келесі шараларды орындау керек: Уланған жерінен таза ауаға алып шығып, арқасымен горизанталды жатқызамыз. Денесiн қысып немесе тыныс алуға кедергі жасап тұрған киімдерін шешеміз. Кез келген ауа райында науқастың сыртқы киімдерін шешіп кеудесін ашамыз, сосын бетіне, кеудесіне су себеміз, осыны бірнеше рет қайталаймыз. Су жоқ болса, онда мұз, қар, салқын шүберекті шекесіне қоямыз. Егер науқас есіне келмесе, онда нашатыр спиртін мұрнына иіскетіп, тітіркендіреміз. Егер бұл шаралар көмектеспесе, жүрегіне жабық массаж жасаймыз және жасанды тыныстандыруға көшеміз.
Төтенше жағдай орын алған жағдайда 101 немесе 112 телефонына хабарласыңыздар!
Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі
20 ақпан 2023 ж. 456 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 352

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 433

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930