» » Тәрбиелік жұмыстарды күшейту тапсырылды

Тәрбиелік жұмыстарды күшейту тапсырылды

qarmaqshy-tany.kz БАЛА ТӘРБИЕСІ ҚАШАН ДА ӨЗЕКТІ. «ҚЫЗЫМ ҮЙДЕ, ҚЫЛЫҒЫ ТҮЗДЕ» ДЕГЕН. БАЛАҒА КЕЙ ЖАҒДАЙДА ОРТАНЫҢ ДА ТИГІЗЕР ӨЗ ӘСЕРІ БАР. ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ 9 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ МЕКТЕПКЕ СӨМКЕСІНЕ ЖАСЫРЫП БАЛТА МЕН ПЫШАҚ АЛЫП КЕЛІП, ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАРАЛАҒАНЫН ЖАҢАЛЫҚТАРДАН ЕСТІП, КӨРГЕН БОЛАРСЫЗДАР. БҰЛ МЕКТЕПТЕ ОҚИТЫН БАЛАСЫ БАР АТА-АНАҒА ДА ҮЛКЕН УАЙЫМ. ОСЫ ЖАҢАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ КЕҢІНЕН ТАРАП, ТҰРҒЫНДАР АРАСЫНДА ҮЛКЕН ТАЛҚЫҒА ТҮСІП АТА-АНАЛАР БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІНЕ АЛАҢДАУШЫЛЫҚ ТАНЫТУДА. ӘРИНЕ, БҰЛ ОРЫНДЫ.

Бейсенбіде аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысын оның төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев жүргізді. Жиынға комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары, мектеп директорлары, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері және ZOOM бағдарламасы арқылы кент, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша білім ошақтарындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алуда аудан әкімінің орынбасары бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
– Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Қазіргі уақытта білім саласы бойынша да мектептерде құрылып, жұмыс жасайтын әкелер, аналар кеңесінің жұмыстарын жандандыру қажет. Ұстаз бен оқушы арасындағы диалог өрісін кеңейтіп, тәрбиелік мәні бар дөңгелек үстел отырыстарын, семинарлар, басқа да салалар бойынша қайраткерлер, ардагер, ата-аналармен кездесулер өткізуді көбейту керек, – деді комиссия төрағасы.
Екінші мәселе бойынша мектептегі тәрбие жұмысына қатысты №105 мектеп-лицейі директоры Г.Еркебаеваның баяндамасы тыңдалса, «Қосымша білім беру ұйымдарында жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану және құқық бұзушылық пен қылмыстылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстары туралы» аудандық Оқушылар үйінің директоры И.Әбдібекова хабарлады.
– Қазіргі таңда Оқушылар үйінде 29 үйірме жұмыс жасайды. Оған кент мектептерінен барлығы 1120 оқушы қамтылды. №26 мектеп – 235 оқушы, №27 мектеп – 135 оқушы, №30 мектеп – 132 оқушы, №105 мектеп-лицей – 54 оқушы, №121 мектеп – 258 оқушы, №183 мектеп – 41 оқушы, №250 мектеплицей – 217 оқушы, №111 мектептен – 48 оқушы қамтылған. Мұнда оқушылар бос уақытын өткізіп қана қоймай, түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысады. Биылғы оқу жылының нәтижесі бойынша 8 оқушы аудандық, 13 оқушы облыстық, 47 оқушы республикалық, 5 оқушы халықаралық деңгейдегі сайыстардан жүлдегер атанды, – деді ол.
Мұнан соң «Балалардың жол көлік оқиғалары жарақатының алдын алу жөнінде қабылданған шаралар мен кәмелетке толмағандарды жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауға қалыптастыру туралы» аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі бастығының уақытша міндетін атқарушы О.Ешжанов баяндама жасады.
Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы комиссия мүшелері тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерді ескере отырып, тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырма берді.
19 ақпан 2023 ж. 247 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 353

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 434

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930