» » Әдістемелік сабақ өтті

Әдістемелік сабақ өтті

qarmaqshy-tany.kz АУДАН ӘКІМІ ЖАНДОС ЕРКІНБЕК ПЕН КЕНТ, АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІ, ОРЫНБАСАРЛАРЫ МЕН БАС МАМАНДАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК САБАҒЫ ӨТТІ. МАҚСАТЫ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ “МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ” ЗАҢЫНЫҢ КОНКУРС ТӘСІЛІМЕН ӨТЕТІН БАПТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША АШЫҚ ПІКІР АЛМАСУ.


Аудан әкімі мәселенің маңыздылығы мен өзектілігін және алдағы уақытта осындай оқу әдістемелік сабақтарды жиі өткізудің тиімділігі жайында сөз етті. Сабақты Жосалы кентінің әкімі Шыңғыс Сыдықов жүргізіп отырды.
Күн тәртібіндегі мәселеге орай Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік сатып алу туралы” Заңының конкурс тәсілімен өтетін баптарын талқылау жөнінде кент әкімінің орынбасары Алмасхан Досмұратов хабарлама жасады.
Кент, ауылдық округ әкімдері тақырыпқа байланысты көкейде жүрген сауалдарын қойып, өзара пікір алмасты. Бұл тәжірибе алдағы уақытта жалғасын тауып, басқа да өзекті тақырыптар бойынша өткізілетін болады.
«Қт» ақпарат
18 ақпан 2023 ж. 426 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 124
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 710

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031