» » Жасау қыздан қадірлі емес

Жасау қыздан қадірлі емес

qarmaqshy-tany.kz Қазақ қашан да қыз баланы төрге шығарған ұлтымыз болашақта ел анасы атанарына кәміл сенген. Ежелден-ақ қыз баланы «қонақ» деп төрден орын беріп, «жат жұрттық» деп туған ұясынан қанат қағатын қызын өзге жұртта абыройлы келін, инабатты жар болуға кішкентайынан баулыған. Ал қыз бала ұзатылып барғанда жүзі жарқын болсын деген оймен қыз жасауын барынша сән-салтанатпен
Иә, «Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды». Бүгінгі қыз жасауы – бәсекенің қайнап тұрған көзі. Қыздың қадір-қасиеті мен құндылығынан гөрі жасаудың құнына баса мән беріп жүрген секілдіміз. Асылы, қыздың болашақ өміріне, келіндік қызметіне жағдай жасауды елеп-ескеру керек.
Бұрынғы мен бүгінгінің қыз жасауы
Қыз жасауын бұрын ата-бабаларымыз отаулап берген. Отар-отар төрт түлік мал берген. Ежелгі заманда қыз жасауын құда жақтың әкелген қалың малына қарап та жасаған. Демек ағайын-туыс пен көрші-көлем, бірінші кезекте «жасауға не бересіз?» деп емес, «қалың малына не алдыңыз?» деп сұрайтын көрінеді. Жасау жігіт жақ қалың мал келіп, құда түскеннен кейін ғана барып дайындала бастаған.
Қыз жасауы ретінде оның көрпе-жастығын да қоса салған. Солардың ішінде «Құдағи көрпе» деген сый болған екен. Өкінішке қарай, бұл жоралғы қазіргі күні ұмыт бола бастағандай. Бірлі жарым жерде көрмесеңіз, бұл дәстүр де көп қолданыла бермейді. Салт бойынша қыз жақтан барған құдалар арнайы әкелген көрпеге құдағиды бір аунатып алған. Аталған жолдың мақсаты: «Жаңа түскен келін де енесі сияқты ұл мен қыз өсіріп, ұрпақ жалғастырсын» дегенге саяды.
Бүгінде бәрі басқаша. Мұны қазіргі өмірде көзбен көріп жүрміз. Тіпті әлеуметтік желіде де тарап жүрген бейнежазбалардан байқауға болады. Бұрындары үйде анамыздың артынан келген көне сандық болатын. Бұл әлі күнге дейін кей үйлерде бар. «Артымнан келген» деп әже-апаларымыздың әлі күнге дейін тұтынатын заттарын көзінің қарашығындай қорғайды. Тіпті өз жасауымда болған сүлгіні кезінде әжем анамның сандығына салыпты. Оны да «қызымның жасауына саламын» деп анам қанша жыл сандықта сақтады ғой. Сол кездің заттары қандай мықты. Әлі күнге дейін өңін берген жоқ. Қазіргідей «китайский» емес, сапалы.
Жасау сөзі қайдан шықты?
Әр отбасының басты арманы – ұлды – ұяға, қызды – қияға қондыру. Қатарынан кем етпей, білім алуға баулып, лайықты тәрбие беруді басты мақсат тұтты. Әрі оны келешек өмірге дайындап, шаңырақ көтеріп, жар таңдап, немере сүюді қалайды. «Балам – балым, немерем – жаным» дейді үлкендер. Ал сол немеренің анасын текті жерден алу, текті жермен құда болу қазақ үшін үлкен мәртебе болды. Қазір де солай.
Қыз балаға жастайынан жақсы тәрбие беріп, үй шаруасына үйретті. Міне, осындай тәрбиенің маңайына халықтың ерекше салт-дәстүрлері топтасқан. Соның бірі – қыз жасауы.
«Жасау» сөзінің толық мағынасы «жаса» деген сөзден шыққан. «Үлкен мақсатты жүзеге асыр», «ұзақ ғұмыр кеш» дегенге саяды. «Әрбір қазақтың баласы үшін дүние жиған отбасы қызына арнап неғұрлым сапалы заттарды таңдаған. Өйткені жасаудың аз болуы, тіптен болмауы бақытсыздық деген ұғым бар» деп қазақ дәстүрін жақсы білетін ғалымдар пікір білдірген.
Бұрынғы қыз жасауынан бүгінгі қыз жасауының басты ерекшелігі – заманауи қалпында. Бұрын қазақ үшін "малы – жанының садағасы болып, бағалы саналса, ал бүгін үй тұрмысына қажетті құрал-жабдықпен құнды болып тұр. Бұл заттарға көрпе-жастықтан бастап жиһаздар мен тұрмыстық техникалар кіреді. Қазірде көбі екі жақпен ақылдасып, кеңесетін болған. Дамыған дәуірде қыз жасауын дайындау телефон қоңырауымен әп сәтте шешілетін мәселеге айналды, тек қалтаңызда жеткілікті қаражатыңыз табылса болғаны. Ысырапшылдыққа жол бермей, артық шашылмай, шығындалмау жағын да қыз тарапқа ескертіп жүр. Бұл әрине, орынды. Себебі жасау – қыздан қадірлі емес.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
09 ақпан 2023 ж. 424 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 357

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 438

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930