» » » Жасау – қыздан қадірлі емес

Жасау – қыздан қадірлі емес

Қыз жасауын бұрын ата-бабаларымыз отаулап берген. Отар-отар төрт түлік мал берген. Ал бүгінгі заман бұрынғыдай емес. Бұған дейін талай нәрсе өзгерді. Тіпті кей жылдары қыздың артынан жүк те апармайтын уақыт болды. 1937-де босқын, 41-45-те соғыс болды. 57-59 жылдарға дейін де жақсы болмапты. Бұл уақытта қыздың артынан ештеңе бермейтін кездер де болған. Замана зырғыды, уақыт өзгерді. Тыңайды, егін болды, айлық келді. Осы кезден бастап қыз жасауы «ортамызға» қайта оралды.

Иә, оралды. Бірақ ескіше емес. Жаңаша бағытта. Мұны әлеуметтік желіні шарлап жүрген бейнежазбалардан аңғаруға болады. Бұрын үйімізден анамыздың артынан келген ескі сандық тұратын. Ағаш, оның сыртын жұқа қаңылтырмен қаптаған. Бастысы сыртында суда жүзген қос аққудың суреті бар. Ерекше ғой иә? Ностальгия дерсіз. Ал қазір бір сандық емес, сандықшалары бар 4-5-еуі артыңнан қоса келеді. Темір емес, ағаш емес. Жұмсақ матадан жасалған. Сыртын бархытпен қаптаған. Бағасын білесіз бе? Жә, білмей-ақ қойғаныңыз жөн болар. Әлі қыз жасауының тізіміне келмедік. Егер бойжеткен қызыңыз тұрмыс құрғалы жүрсе, жүрегіңіз нәзік болса оқуға кеңес бермейміз. Себебі, міндетті түрде баратын мүліктерді саралап, орташа бағасын бағамдадық. Біз емес, сандар сөйлесінші, 9 көрпе, оның ішінде 6 жамылғы, 1 «махаббат көрпесі», 1 төр немесе «құдағи көрпесі» мақтасы мен матасын, тігуін есептегенде бір көрпе шамамен 4000 теңгеге шағады. Ал 9 көрпе – 36 000, 6 көрпеше – 16 000 теңге, 2 құрақ көрпеше – 15 000 теңге, 6 жастық – 15 000 теңге, төсек жабқыш – 10 000 теңге, сандық – 23 000 теңге, 2 кілем – 50 000 теңге, төсек-орын гарнитуры – 250-350 мыңның арасы, 9 сүлгі – 25 000 теңге, ыдыс-аяқ жиынтығы – 50 000 теңге, кастрюльдер наборы – 24 000 теңге, қасықтар жиынтығы шөміш, кепсер, пышағымен – 45 000 теңге, 2 ет табақ – 12 000 теңге, 2 шәйнек немесе электрошәйнек – 8 000 теңге, дастарқан – 3 000 теңге, перде – 15 000 теңге, нан пісіретін пеш – 6 500 теңге, газ плита – 65 000 теңге, кір жууға арналған мәшине – 150 000 теңге, шаңсорғыш – 55 000 теңге, ет жегетін құрал – 23 000 теңге, мұздатқыш – 170 000 теңге. Осы жабдықтардың барлығы – 878 500 теңгені құрайды. Ал бұл ең төменгі бағалар арқылы есептелген көрсеткіш. Мұнан бөлек қысқатолқынды пеш, теледидар, ыдыс жу­уға арналған мәшине, блендер сияқты заттарды да жасауға қосады. Қыздың мүлкінен бөлек, қонақтарға тарататын мата мен орамалдар сияқты ұсақ-түйек заттар сатып алынады. Олардың да құны шамемен 100 мыңға жетіп жығылады. Ал қыздың көйлегі, сөмкесі, керек заты мен «шубасы» бөлек әңгіме...
– Аяқ астынан қызымды алып қашты. Өзім қыз бойжеткен бойда-ақ затын түгендеп, жинай бастаймын. Сол да сеп болды ма, әйтеуір біраз дүние апардық. Әрине, қарыздандық, қауғаландық. Апармасқа болмайды. Қазір 9 көрпесі болса болды емес пе дейтін заман емес. Бізге де сын. Қызымды да осы дүние үшін табалағанын қаламаймын. Өзім кедей отбасынан шықтым. Келін боп барғанымда артымнан тек анамның тіккен көрпешесі келді. Сол «өмірде» не көрмедім десеңші. Абысынымның жасауымен менікін салыстырып бетіме басып отыратын. Бұл кімге керек? Сол үшін қыздарымның жасауын елден қалмай дайындаймын. Кенже қызыма шамамен миллионнан аса қаржы кетті, – дейді Ақжүніс Әбдәлі.
Бүгінгі қыз жасауы – отбасылық сая­саттың бір бөлігі. Қызға келер сын, ананың парызы. Қыздың артынан келген дүниені «аңдып», жақсы немесе жаманын анықтайтын кез. Қазіргі қыз жасауы той ақшасынан кем түспейді. Неге? Себебі бұл – бәсекелестік заманы. Біреу біреуден артық болса – көре алмайды. Біреу біреуден кем болса – табалайды. Пәленше мен түгеншенің тойы қызық өтіп, одан озуды армандайды.
Түйін.
Иә, «Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды». Бүгінгі қыз жасауы – бәсекенің қайнап тұрған көзі. Қазақта «6 жастан жинасаң артылады, 7 жастан жинасаң жетеді» деген тәмсіл бар.
«Үй болам дегенше қайда-а-а-а» деп бос отпай, жасауыңызды бүгіннен бастап жинағаныңыз жөн болар. Тек артық ысырапшылдыққа кетпеңіз.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
04 наурыз 2019 ж. 1 716 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 196

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 147

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 311

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930