» » Заманауи тарақтар жайлы не білесіз?

Заманауи тарақтар жайлы не білесіз?

Заманауи тарақтар жайлы не білесіз?
Күнделікті қолданатын қарапайым тарақтың пішіні мен қолданысы сонау ерте заманнан бері еш өзгерген емес. Сонда да технологияның дамуы осындай қарапайым құралға өз септігін тигізбей қоймады. XXI ғасырдың тарақтары қандай?
Үйреншікті пластик не ағаш тарақтар қатарын мынандай заманауи тарақтар толықтырды.
Карбон тарағы

Карбоннан жасалған тарақ жеңіл, қолдануға ыңғайлы, мүлдем кір жинамайды. Карбон – графит пен резеңкенің қосынды нәтижесінде алынған материал. Шашты тез тарап, қалаған шаш сәніңізді жасауға көмектеседі. Шашты бояуға мінсіз келеді. Мамандар арасында көбінесе осы мақсатта қолданады.
Силикон тарағы

Мұндай тарақтың басты артықшылығы – ол шашты мүлдем электрлемейді. Оған қоса мұндай тарақты жуу оңай, себебі тараққа шаштың майы, кірі жұқпайды. Сондықтан бұл тарақ жиі жағдайда шаштараздар шаш бояу және қырқу үшін қолдады. Әсіресе шашы бұйра қыздарға мінсіз келеді.
Нейлон тарағы

Нейлон – заманауи жұмсақ материал. Соның арқасында бұл тарақ өте жұмсақ болып шығады. Нейлоннан жасалынған тарақ шашты зақымдамай тарайды. Мұндай тарақ шашы жұқа, зақымданған аруларға мінсіз нұсқа болады. Сондай-ақ нейлоннан сәбилерге арналған да тарақ жасайды.
Эбонит тарағы

Эбонит – құрамында күкірт көп каучук түрі немесе резеңкенің бір түрі. Мұндай тарақпен шаш тарағанда шашыңыз түзуленіп, жұмсақ бола қалады. Тарақ дымқыл шашты тарауға жақсы.
Ионизациялайтын тарақ

Мұндай тарақ шашты ионизациялап, электрленудің, шаштың ұштануын алдын алады. Тұрақты қолдану шаштың жағдайын әлдеқайда жақсарта алады дейді өндірушілер.
Электр тарағы

Электр желісіне қосылатын немесе батареяда жұмыс істейтін мұндай тарақтың бірнеше түрлері кездеседі. Фен негізінде жасалған тарақ шашты бір уақытта кептіріп, пішінін келтіреді. Ал массажды тарақ шашты тарау барысында басыңызға массаж жасайды.
Айта кетсек, мамандар үйреншікті ағаш пен пластик тарақтарын шашқа зиян деп айтып келеді. Ағаш – микроб пен бактериялар дамуға жақсы орта. Ал пластик нәзік бас терісін, сынғыш шашты зақымдай алады. Сондықтан мамандар оларды заманауи материал түрлерінен жасалған тарақтарға алмастыруға кеңес береді.
10 тамыз 2018 ж. 3 986 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 410
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728