» » Жар таңдауда жаңылмады

Жар таңдауда жаңылмады

qarmaqshy-tany.kz Айта беретін мамандық таңдау мен жар таңдау мәселесі адам бар жерде ешқашан күн тәртібінен түспейді-ау. Өміріміздің басты тетігі саналатын осы екі таңдау да маңызды саналады. Сондай жар таңдау мен мамандық таңдаудан қателеспеген жанның бірі – Бахытбек Пірмаханов.
Ол 1960 жылы Жосалы кентінде дүниеге келген. Болашақ жары Күлпаршын Төлепбайқызына бір көргеннен сезімі оянады. Бірақ отбасылық өмірдің жай нәрсе емес екенін білген екеуі асығыс қадам жасамай, сабырлық танытады. Күлпаршын әпкеміз де сымбатына сәні келіскен қыз. Дегенмен, Алла бұйрығы болар, арада біршама уақыт өткен соң екі жас отау құрып, керегесін кеңге жаяды.
– Жолдасыммен 1980 жылы таныстым. Онда 19 жаста екенмін. Жол бойында жұмыс істейтінмін. Ол да жол бойында еңбек етті. Сол кезден бастап достасып, киноға бірге барып жүрдік. Ол уақытта жігіттер қыздарды киноға шақыратын еді. Арадағы достығымыз екі жылға жалғасты. Ағаң 1982 жылы әскер қатарына шақырылса, мен Өскеменге оқуға түсіп, жан-жаққа кеттік. Содан 1985 жылы оқуымды бітіріп аудандық электр торабына жұмысқа тұрдым. Ол да әскерден борышын өтеп келіп, қайтадан темір жол стансасында кезекші болып орналасты. Қайтадан достығымыз жарасып, аяғы махаббатқа ұласты. 1987 жылы отбасын құрдық. Құдайға шүкір қазір 4 бала тәрбиелеп, барлығы жоғары білімді маман. Үлкен қызым Гүлмира тұрмыс құрып, Астана қаласында Қорғаныс министрлігінің ансамблінде жұмыс істеуде. Екінші балам Динара Алматыда Абылайхан атындағы халықаралық университетін бітіріп, одан әрі Варшава қаласынан магистрлік бітірді. Бүгінде Астанада «Казмедиа» корпорациясында диктор-журналист мамандығымен еңбек етуде. Мөлдіріміз Алматыда Азаматтық авиация академиясын бітіріп, Кореяның Сеул қаласында оқуын жалғастыруда. Кенжеміз Сымбат Санкт-Петербург университетін бітіріп, осы университеттің магистрлігін жалғастыруда. Үлкен қызымыздан 2 немере сүйіп отырмыз, – дейді отанасы.
Ал отағасы болса, жарының мейірімділігі мен әркез ашық та адал мінезін жақсы көретінін тиек етеді.
– Отасқанымызға биыл 35 жыл. Осы жылдар арасында бір-бірімізге түсіністікпен қарап, балаларымызға жақсы тәрбие бере білдік. Оларға үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуде біреудің ала жібін аттамауды, жаман іске ешқашан бармауды санасына сіңіріп өсірдік. Темір жол саласында еңбек еткеніме 40 жылдан асыпты. Мен түздің жұмысын атқарсам, жарым отбасының ұйытқысын келтіріп, берекемізді кіргізіп отырады, – дейді жарын жазбай таныған Бахытбек ағамыз.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК
05 ақпан 2023 ж. 487 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 356

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 437

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930