«Алаш идеясы»
qarmaqshy-tany.kz Қармақшы аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2023 жылдың 23 қаңтар мен 03 ақпан күндері аралығында Байқоңыр қаласы №275 орта мектебінде "Алаш зиялыларының мұрасы және Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары" тақырыбындағы онкүндігі аясында өткізілген барлық іс-шараларды қорытындылау мақсатында жиын өткізілді.
«Алаш идеясы» – қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы. Өйткені Алаш — халқымызды бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея.
Алаш — ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі.
Алаш — ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау харакеті. Зиялылардың Алаш атауын таңдауы да жайдан-жай емес еді. Алаш жаңа елдігіміздің, байырғы аймағымыздың рәмізі еді. ХХ ғасырда қазақтың азаматтық тарихында ең ұлы идея қайсы десек, ол – Алаш идеясы деп жауап беруге болады. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі де осы идеяда жатыр. Алаш идеясы үшін күрескен кезең – 1907 жылдан 1930 жылға дейінгі 30 жылдай уақытты ғана қамтыған. Аз болса да ғасырға тең уақыт.
Алаштың серкелері – Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Ғаббасұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы және т.б болды.
Қазақ тарихындағы осындай Алаш арыстарының мұрасын ұлықтау мақсатында онкүндік жоспарына сәйкес өткізілген эссе байқауы, көрме жұмысы, тақырыптық сынып сағаттары, дөңгелек үстел, челлендж, READx жобасы, зерттеу жұмысы, тетрландырылған қойылым мен танымдық кеш мектеп оқушыларының ұлты мен жерін сүйген азаматтарымыздың ерен еңбегін біліп, сол арқылы олардың бойында патриоттық сезім ұялағаны анық.
Жиын соңында, түрлі іс-шараларға қатысып өзін белсенді түрде көрсеткен және алғырлығымен, зеректігімен ерекше көзге түскен оқушыларымыз мақтау қағаздарымен марапатталды.