» » Көрме өткізілді

Көрме өткізілді

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2023 жылдың 23 қаңтар мен 03 ақпан күндері аралығында "Алаш зиялыларының мұрасы және Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары" тақырыбындағы онкүндігі аясында 24 қаңтар күні мектебіміздің кітапханасында «Ұлт болашағы жолында біріккен алаш тұлғалары» тақырыбында Орталықтандырылған кітапхананың ұйымдастыруымен көрме өткізілді.
Мақсаты – Алаш қайраткерлерінің және саяси қуғын - сүргін құрбандарының өмір жолдары мен атқарған қоғамдық – саяси қызметтерін тереңінен зерттей отырып, Алаш зиялыларының ұстанған идеясын, зұлмат заман зардабын түсіндіру. Іс-шараға мектебіміздің 8-11 сынып оқушылары қатысты.
Көрмеге Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің тарихы туралы кітаптар, алаш интеллигенциясының өнегелі де ғибратты қоғамдық ойлары туралы құнды зерттеулер, саяси-қуғын сүргін құрбандарына арналған әдебиеттер, мерзімді басылымдар қойылды.
Көрмені тамашалаған мектебіміздің оқушылары Алаш қозғалысының тарихын баяндайтын «Қазақстан тарихы», «Қазақ көтерілістері», М.Қозыбаевтың зерттеулері, Н.Назарбаев «Тарих толқынында», «Алаш мұрасы» және Алаш партиясының қатарында болған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, X.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, Ж.Арыстанұлы т.б. ұлт зиялыларының шығармаларымен танысты.
24 қаңтар 2023 ж. 536 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930