» » Нұр-Сұлтанда Алаш Арыстарына ескерткіш ашылды

Нұр-Сұлтанда Алаш Арыстарына ескерткіш ашылды

Нұр-Сұлтанда Алаш қозғалысының көшбасшыларына ескерткіш ашылды. Бұл туралы Қазақстан президентінің көмекшісі Ерлан Қарин мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Елордада Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов және Міржақып Дулатовқа ескерткіш қойылды. Оның ашылу салтанатына президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.
“Мемлекет басшысының қатысуымен Алаш Арыстарына ескерткіш ашылды”, – деп жазды Ерлан Қарин.
Президент Алаш арыстарына арналған ескерткіштің Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мен Елорда күніне орай ашылуының символдық мәні зор екенін атап өтті.
"Әлихан - Алашорда үкіметін басқарған мемлекет қайраткері. Ахмет - халқымызды білім мен ғылымға жетелеп, рухани ұстаз болған әйгілі ағартушы. Міржақып - ұлт бірлігі ұранына айналған "Оян, қазақ" пен тұңғыш қазақ романының авторы, көрнекті қаламгер. Үш қайраткер де - бірегей тарихи тұлғалар. Бұл ескерткіш - барша Алаш ардақтыларына деген құрметіміздің көрінісі", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы "Алаш" сөзінің қастерлі ұғым екенін баса айтты.
"Алаш" сөзі - халқымыз үшін қашанда қасиетті ұғым. Өткен ғасырдың басында ұлтымыздың бас көтерер азаматтары Алаш идеясының төңірегіне бірікті. Олар елінің азаттығы мен өркендеуі жолында қызмет етті. Халықтың рухын оятып, санасына сілкініс әкелді. Жеріміздің тұтастығының сақталуына ықпал етті. Төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерді. Өркениетті зиялылықтың негізін қалады. Алаш арыстары заманның сын-қатеріне қарамай, Қазақ елінің мемлекетшілдік идеясын жаңғыртты", - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің арқасында ұзақ жылдар бойы халық жауы атанып, қуғын-сүргінге ұшыраған Алаш арыстарының еңбектері лайықты бағасын алып, олардың есімдері қайта жаңғырып жатқанына тоқталды.
"Өкінішке қарай, түгелге жуығы халық жауы атанып, қуғын-сүргін құрбаны болды. Еңбектері жойылды, ұзақ жылдар бойы олардың атын атауға тыйым салынды. Бірақ, ұлтымыз ұлы перзенттерінің есімін санасынан өшірмей, жадында сақтай білді. Тәуелсіздік жылдарында Алаш идеясы мен Алаш мұрасы түбегейлі қайта қаралды. Осыдан бірнеше жыл бұрын "Алаш" автономиясының 100 жылдығын атап өттік. Биыл Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы Тәуелсіздік мерекесі аясында өтіп жатыр. Біз Алаш арыстарының есімін жаңғыртып, тарихи рөліне баға беруді қолға алдық. Менің Жарлығыммен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды", – деді Мемлекет басшысы.
04 шілде 2021 ж. 659 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031