» » Дөңгелек үстел іс-шарасы өтті

Дөңгелек үстел іс-шарасы өтті

qarmaqshy-tany.kz Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің С.Есқараев атындағы №27 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 26 қаңтар күні Шара Мирханқызының ұйымдастыруымен "Алаш арыстарының идеясы және бүгінгі қазақ жастары" тақырыбында 9-10 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел іс-шарасын өткізді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты Алаш зиялыларының тарихи аз уақытта қазақ халқына сіңірген еңбектерін бағалау, қазіргі және келешек ұрпақтың жадынан шықпайтын қастерлі борышы екенін ұқтыру, ғасырдың бас кезіндегі тарихи оқиғалардың маңызы мен мәнін жете түсіну, әрі оны өскелең ұрпаққа насихаттау.
Танымдық сабақ барысында «Алаш» сөзінің терең де толғамды сөз екеніне тоқталып, мағынасын зерттеу.
Алаш козғалысының идеялары - ұлтымыз үшін ең қасиетті, ең қымбатты құндылық - тәуелсіздігімізді нығайтумен сабақтасып жатқанын ұғындыру.
«Алаш зиялыларының идеяларын қолдағанда, қазіргі Қазақстан қандай болар еді?» - деген сұрақ төңірегінде түрлі пікірлер айтылып, тың идеялармен бөлісті. Сабақ өте тартымды, қызу таласты пікірлерге, тың ойларға толы болды.

27 қаңтар 2023 ж. 431 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10428)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

№58 (10426)

05 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 218
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031