» » Профилактика мәселесі талқыланды

Профилактика мәселесі талқыланды

qarmaqshy-tany.kz Аудан прокуроры М.Маханбетжановтың төрағалығымен аудан көлеміндегі қылмыстық құқық бұзушылық профилактикасы мәселесіне қатысты ведомствоаралық мәжіліс өткізілді.

Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары, полиция, пробация және аудандық білім бөлімі басшылары және қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібіндегі құқық бұзушылық профилактикасы бағытында атқарылған және алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстар кеңінен талқыланды.
Жыл басынан тіркелген қылмыстардың өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсуі, оның ішінде алаяқтық және кәмелетке толмағандарға қарсы (олармен) жасалған қылмыстардың ерекше өсуіне жеке тоқталып, проблемалық мәселелерді шешу жолдары қарастырылды. Сонымен қатар білім беру ұйымдарының басшыларына полиция қызметкерлерімен бірлесіп, балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шаралар қолдану тапсырылды.
Жиын соңында жыл басынан ерекше өсім алған алаяқтық қылмыстарына тосқауыл қою мәселесі бойынша әрбір органға нақты міндеттер жүктелді.
"Қт" ақпарат
31 қаңтар 2023 ж. 637 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

№89 (10457)

22 қараша 2025 ж.

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 931
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 625

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930