» » Әкеге қарап ұл өсер

Әкеге қарап ұл өсер

qarmaqshy-tany.kz Ш.Уәлиханов атындағы No26 орта мектепте «Шапағат» әкелер кеңесінің «Әке – шаңырақтың негізгі тірегі» тақырыбында конференция өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Ж.Ерқосаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиева, аудандық ата-аналар кеңесінің төрағасы Ә.Қаракөзиев, аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Г.Исмайлова, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Н.Пірімжанов, аудандық еріктілер тобының жетекшісі Ә.Мерекова, мектепішілік әкелер кеңесінің төрағасы А.Іскендіров, мектеп әкелері қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Жиында тұлға қалыптастырудағы отбасы мен мектеп тұтастығы, тәрбие құндылығындағы әкенің орны, мектеп қабырғасында озық білім берумен қатар, саналы ұрпақ тәрбиелеудегі жүргізіліп жатқан жұмыстар сөз етілді.
Конференцияда «Әкенің ізгі жолы» сахналық қойылымы көрсетілді. «Әкесі жақсының – ұстанымы жақсы» тренингі, ашық пікір алаңы, сұрақ-жауап кезеңі, «Әке – бала қорғаны» тақырыбында кітап көрмесі, тағы басқа жұмыстар ұйымдастырылды. Онда отбасындағы әке мен бала үндестігі, бала бойындағы асыл қасиеттердің қалыптасуы, әке жылуы, әке алақанының маңыздылығы аталып өтілді.
Іс-шараны жүргізген фракция депуттары өздерінің көшбасшылық дағдыларын көрсете отырып, жыл көлеміндегі мектеп парламентінің жұмыстарымен таныстырды. Сондай-ақ мектептің ер балаларының өнері тамашаланды. Атап айтқанда, 9 сынып оқушысы Жасұлан Төлеген саксафон аспабында шығарма орындаса, 7 сынып оқушысы Нұрғиса Махамбетов пианиномен өнер көрсетті. Абдулахад Тұрлыбек домбырада ойнап, қошеметке ие болды.
Басқосуда қонақтар мектеп парламенті жұмысына алғыстарын білдірді.
"Қт" ақпарат
24 қаңтар 2023 ж. 433 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 109
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 759

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031