» » Адалдықтан айнымайық немесе сапардағы сауда

Адалдықтан айнымайық немесе сапардағы сауда

qarmaqshy-tany.kz Қазақ қонақжай халық деп жатамыз. Қонақтыққа шақырса одан қалмайтын әдетіміз және бар. Жиын, той-думан десе Қазақстанның о шетінен бұ шетіне дейін жолаушылап жол жүре береміз. Ал жолға шыққан адам бірінші кезекте барар бағытына жылдам әрі жайлы жетуді көздейді. Мұндайда бірі көлікке көнеді, екіншісі жүрдек пойызға мінеді, ал енді бірі ұшақты ұнатады. Қош. Таңдауға талас жоқ қой.

Сапар – сан түрлі тағдырды тоғыстыратын, табыстыратын айрықша алаң десек артық айтқандық бол мас, сірә. Әйтсе де сапар бәзбіреулер үшін сауда алаңы, жан бағудың қамы. Жалпы жолаушылар пойызындағы сауда базары жайында не айта аламыз?
Сауда деген жақсы дүние. Көзін тапқанға керемет кәсіп. Базарға шығып сауда жасауға жағдайы келмей, пойызда азын-аулақ заттарды сатып, тиын құрап жүрген саудагерлерді де еш сөге алмаймыз. Бүгінгі қоғамда күн көру оңай болмай тұр. Бұ- рынғыдай емес, бағалар да қымбатырақ. Соған сай бала-шағаның ішер асы мен киер киіміне ақша табу да жеңіл емес. Жұмысқа орналасу да қиын.
Сапардағы саудада сіз бəрін кезіктіресіз. Түлкібастың алма сы мен бал татыған қаймағы, Түркістанның киім-кешегі мен тəтті пəтір наны, Шиелінің күріші мен қауын-қарбызы, Қазалының тіл үйірер кəмпиті, айта берсеңіз көп енді. Əр стансадан түсіп алып сауда жүргіземіз.
Отарба ішінде сауда базарында не керегіңнің бəрі табылады. Ойыншықтар, қалта қуаттағыш, тіпті ұялы телефонға дейін бар. Кішігірім базар дерсіз. Бір қызығы, мұнда сіз өзіңіз жағалап зат қарамайсыз, керісінше сізге саудагерлер өзі келіп, заттарын жарна малайды.
Дорба асынған саудагерлерден вагон ішінде еріксіз жүріп тұра алмайсыз, олардың дауысынан тіпті тыныш ұйқы да жоқ. Саудагерлерден алған заттарың да көпшілігі кейін пайдаға жарамай қалып жатады. «Арзанның сорпасы татымайдының» кебі. Осыдан бірнеше жыл бұрын сөйлей алмайтын мылқау саудагерлер көп еді. Қолдарында түрлі кітабы мен газет-журналдары бар. Ал кейбірі шағын мәтіні жазылған қағаз бен қаламды жаныңызға қойып кетеді. Бастапқыда сол қағазды алып оқып, заттарын алып жататын. Бұл жолы әлгі қағазды оқып, зат алып жатқан адамды байқамадым. Сірә, бұған қалың көпшілік күмәнмен қараса керек. Күмәнмен қарайтынымыздың да өзіндік себебі бар. Кейбірінің осындай жалған әрекеттерге барып жүргенін көзіміз талай көріп жүр. Күнделікті өмірден де кезіктіріп жатамыз.
Иә, нәпақасын осы отарбадан тауып жүргендер қаншама?! Мұнда ешкім еріккенінен жүрген жоқ. Уақыт талғамай, вагоннан-вагонға ерсілі-қарсы ала дорбаны сүйреп жүру кімге абырой әкелер дейсіз. Бірақ-бірақ. Сауданың да адалы болса.
Бірақ бәрі жан бағудың жөніне емес, адамдарды алдау жайына көшкен бе деп қаласыз. Сөзіміз негізсіз қалмасын. Жақында жолаушылап үйдің үлкендері Алматыдан ауылға қайтады. Сонда саудагерлердің бірінен қолдың сары майы деп сатып алады. «Нанбасаңыз, дәмін татып көріңіз» деп суқылдап тұрған соң оның да дәмін көреді. Татымды болып тұрғандықтан аса қатты мән бере қоймаған екен. Үйге келіп дастарқанға қойғанда бір-ақ білдік. Қораптағы майдың бетіне ғана қолдыкін жағып қойыпты. Астының бәрі түгел дүкеннің кәнігі «маргарині». Қап-ай, ә? Осылайша болушы ма еді? Аң-таңбыз.
Кейде өмірдің алма кезек екенін естен шығарып алатындай көрінеміз. Не де болса, адалынан болғаны жақсы. Әсіресе, саудада. Адалдықтан айнымайық, ағайын!
Ақнұр САҒЫНТАЙ
12 қаңтар 2023 ж. 366 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 373

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 453

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930