» » Доллар бағамы түскеннен кейін азық-түлік арзандай ма: Сауда министрлігі жауап берді

Доллар бағамы түскеннен кейін азық-түлік арзандай ма: Сауда министрлігі жауап берді

Сауда және интеграция министрлігі доллар бағамы түскеннен кейін азық-түліктің төмендейтінін болжап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Сауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар Әбілдабековтың айтуынша, наурыз айында доллар күрт көтерілгеннен кейін халық дүрлігіп қалды. Көбісі жаппай дүкенге жүгірді. Сұраныс бірден жоғарылады.
Содан сауда желілері де бағаны көтере бастады. Себебі сатып алынатын тауарлар қымбаттайды деп кауіптенді.
"Қазір доллар артқа қарай шегінді. Бірақ естеріңізде болса, доллар күрт өскенде бағалар бірден өскен жоқ қой. Меніңше, бәрі орнына келеді, баға да бірдіндеп төмендей бастайды", – деді Әбілдабеков орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, көтерме сауда желілері бағаны көтерсе, дүкендер де өз үстемесін қосады.
"Енді біз заң бойынша кез келген дүкенге кіріп, тексеріс жасай алмаймыз. Өйткені мораторий бар. Бірақ қазір республика бойынша 114 базар тексеріліп жатыр. Соның ішінде "Алтын орда" базары да бар. Ол жерде тексеріс аяқталуға жақын. Сондықтан баға түседі деп ойлаймын. Қазіргі деңгейде тұра бермейді. Өйткені бәсекелестік баға түсіруге мәжбүр етеді", - деп атап көрсетті комитет басшысы.
13 сәуір 2022 ж. 489 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

05 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 343
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 122

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930