» » Жігіттерге жараспайды қос бұрым

Жігіттерге жараспайды қос бұрым

Көктем келіп қыз-келіншектер құлпыра ма десек, олардан бұрын ер жігіттер сәнденіп алған сыңайлы.Көшеде кетіп бара жатсаң, соңғы үлгідегі тырысқан шалбар мен жейде киіп алған жігіттерден көз сүрінеді. Шашының бір бөлігін ұзын етіп өсіріп, оны бір жағына қайырып қойған немесе артына өріп алған қазақ жігітін дәл қазіргі кезде кез-келген жерден кездестіруге болады. Түріне қарасаң, бойы мен кескін-келбеті жарасып-ақ тұр. Сәнін бұзып тұрған тек шашы ма десем, жоқ құлағына таққан сырғасы мен белі бұтына, бұты тізесіне түскен шалбары тағы бар екен.
Бұрындары ер жігітке қарата айтылатын «еңселі ер азамат», «екі иығына екі кісі мінген», «жауырыны қақпақтай» деген теңеулерді қазіргі жігіттерге айтуға ауыз бармайды. Дегенмен, көпке топырақ шашпайық. Бір-бір қызметтің басында, бір үйдің асыраушысы болып отырған азаматтарымызда жетерлік арамызда. Тек жігіттік қалыптарын жасанды имиджге айырбастаған нар жігіттердің «майдаланып» бара жатқаны ұрпақ келешегіне де зиянын тигізбей қоймайтыны мазалайды. Қоғамдық орындарға көз тастасақ кәріс киноларының құдды «табынушылары» жүрген секілді. Сонда біз қандай ұрпақ тәрбиелеп жатырмыз? «Өзіміздің ұлттық менталитетімізге сай, ұлттық болмыс-бітімді сақтай алатын өскелең ұрпақты өсіріп жатқан жоқпыз ба?» деген сауал туындайды. Қазіргі жастардың рух-жігері төмендеп, ұлттық намысы жасығандықтан өзге ұлтқа еліктеп, Батыстың былығын өзімізге әкеліп жатқанымыз анық. Оған кім кінәлі? Баласы бәйгеге шапса, тақымын қысып отыратын ата-ана ма, көштің жүре түзелетінін айтып отыратын қоғамдық ортасы ма, әлде өзіндік ой қалыптастырып үлгермеген, өздерінің жігіттік дәрежесін төмендетіп алған жігіттердің өзіне кінә артамыз ба?
Рас, елдің сүйенері саналатын жігіттеріміздің бойында бүгінде қыздарға тән қасиеттердің көбейіп бара жатқаны айтпаса да түсінікті. Басқасы басқа сырға таққаны не сән? Қай ата-бабамыз құлағына сырға тағып жүріпті? Жігіттеріміз сырға таққанымен, оны тағудың тарихы тереңде екенін түсінсе керекті.Ал сол тарихқа көз жүгіртер болсақ. Осыдан жеті мың жыл бұрын Азияда арнайы ерлерге сырға жасайтын ұсталар болған көрінеді. Рим елінде сырғаны құлдарға тағатын болса, гректерде жезөкшелікпен айналысатын ерлер таққан. Сығандарда алдыңғы сәбиі өлген соң, дүниеге келген келесі баласына сырға тағу салты болған. Ал, пираттардың құлағындағы сырғалар тоналған кемелердің санын білдіреді екен. Біздің жігіттерге не жорық? Еліктеушілікке еріксіз баратын жігіттер, расымен кәріс ұлтының жастарына ұқсап бара жатқан секілді. Шаштары қызыл-сары. Бұттарында сүйретілген шалбар.
Қаншай Матаева:
– Қай ата-ана, баласының жақсы болғанын қалайды. Ия, қазіргі күні теледидарды ашып қалсақ, сырға тағынып, боянып алған жастарды көруге көз ұялады я тыңдасаң түсінбейсің. Өзгеге мәлім, өздеріне ғана аян әндер. Олардың ата-анасы қайда қарайтынын білмедім? Қазақы тәрбиемен сусындап, қанып өскен баладан ондай шығуы екіталай. Шет елге еліктеп, қоғамды құртуға болмайды. Болашақ ұрпаққа не береді? Не қалдырады? Соны ойлануы қажет. Олар да болашақ ата-ана ғой, ертеңгі күні балаларына не тәрбие береді? Мен өз басым қарсымын.
Түйін.
Қазақ қызды болса «өрісім» дейді, ұлды болса «ұрпағымның жалғасы» деп бөркін аспанға атады. Сондықтан ұлы ұлттың ұлағатты ұрпағы деген тұғырымыз аласырмасын. Кешегі көшпенді елдің асқақ армандарын орындаған ерлердің ісі егеулі найза қолға алмай, еңку-еңку жер шалмай, ер- тоқымын жастанбай біткен еді ғой. Ел басына күн туса етігімен су кешкен кешегі баһадүрлердің ұрпағы ел қорғауға сырға тағып, сыланып шығатыны ма?! Естір құлақ, көрер көз болса, әрине.
 
Арайлым АБАЙҚЫЗЫ
08 қаңтар 2023 ж. 413 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 371

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 451

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930