» » Әжей тойда асаба жігітке еріп, «маймыл» болды (ВИДЕО)

Әжей тойда асаба жігітке еріп, «маймыл» болды (ВИДЕО)

"Арсыз немелер. Адам деп айтуға ауыз бармайды. Анасын əжуалап тұрғанын мына сорлы біле ме екен!?", "Қалай ғана тиямыз мына ессіздерді!?", - деп ашынғандықтан пікірлерін жазған.
«Алаңсыз маймыл сияқты»: бір әже тойда асаба жігітке еріп, «отжимание» жасады (ВИДЕО)
Қазақ тойларының бірінде асаба жігітке ілесіп, оның түрлі әрекеттерін қайталап, тіпті, «отжимание» жасаған әженің әрекетіне көпшілік шамданып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
 Тойдағы ойын барысында асаның істегенін қайталап, жұлқына жаттығу жасаған ақ жаулықты кісінің әрекеті түсірілген видеоны Facebook әлеуметтік желісіне Бекбол Сейткали есімді азамат жариялаған. Видеоны көрген желі белсенділері  тойдағы асабаны да, жасқа еріп, жаттығу жасаған әлгі әжені де жерден алып, жерге салуда.
Мәселен олар: "Қазіргі асабалардан ұят кетті. Ойына келгенін жасатат, адамды мазақ қылып. Асаба болғанына мәз әйтеуір!", "Құтырған қазақтар", "Арсыз немелер. Адам деп айтуға ауыз бармайды. Анасын əжуалап тұрғанын мына сорлы біле ме екен!?", "Қалай ғана тиямыз мына ессіздерді!?", - деп ашынғандықтан пікірлерін жазған.
 Ал енді біреулері: "Дардай әйелдер айтпай ма қой деп, асабаның істеген ерсі ісіне еріп ербеңдегенше", "Ыңғайсыз болды-ау!? Анамыз қарғам-ау, бұлай жасатуың ұят деп асабаны басып тастауы керек еді", "Ай, апалар-ай, сөйтіп жүріп жас буынға ренжиміз", "Осы асабалар кемпір-шалмен ойнайтын болғанба!?", "Ұят, басқа айтарым жоқ", "Асабалар адамдарды алаңсыз маймыл сияқты әжуа етті. Сол асабалардың айтқанын жасаймын деп үлкен кісілер де абыройсыздыққа ұшырап жүр", "Шешесіндей адамды келеке қылып. Осыларды жөнге салатын күн болар ма екен!?", - деп желі арқылы бір шулап алды.
Айтпақшы, әженің ерекше көңіл-күйі мен ерік-жігеріне риза болған асаба, ойын соңында: "Молодец, красавица, умничка", - деп камзол киіп, басына орамал таққан апа екеуі бес саусағын түйістіріп қойды.

03 наурыз 2020 ж. 1 583 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 017

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031