» » Біз қалай тамақтанамыз?

Біз қалай тамақтанамыз?

XXI ғасыр – техниканың дамып, адам баласы іс – әрекетінің тежелген нанотехнология заманы. Соңғы уақытта сәнге айналған «Fast food» тағамдарының адам денсаулығына қаупі барын жете түсіне бермейміз. Адамдардың өзі қазіргі таңда тез әрі жеңіл дайындалып, құрам – құндылығы жағынан өте төмен бояғыш консерванттардың жылтырына қызығып тамақтану жолын таңдаған. Даярлануы белгісіз, дәрумендердің сақталуы қамтылмаған тағамдарды тұтыну арқылы адам өз өмірін бірте-бірте тот баса бастаған темірдей өз қолымен құртуда. Сонымен бірге әлемдік тамақтану салтына «гендік инженерия» түсінігі еніп келеді. Ата-бабамыз таза ауа, табиғи өнімдер қымыз-қымыран, айран, шұбат ішіп, адал жолмен сойылған мал еттерін тұтынып келді. Сол себепті де олар ұзақ ғұмыр кешіп, ұрпақтары саналы түрде дамыды. Ал, біз осы тектілікті сақтай аламыз ба?
Қазір бізге рахат сыйлап жүрген тағамдар мен сусындар адамның жасы мен ұрпағына алдағы уақытта кері ықпалын тигізетіні сөзсіз. «Ауру – астан» деген дана халқымыз асқазанға баратын әрбір тағамның сапасына аса ыждаһаттылықпен мән беріп қараған.
Қазақстан-аграрлық ел. Бай табиғатымызда адам өміріне қажетті барлық дәрумендерге толы «жасыл әлем патшалығы» бар. Сол «патшалық» байлығын тиімді қолданасыз ба?..
Күнделікті тамақ пен сусынды дұрыс пайдалану денсаулықты жақсартады. Таңертең аш қарынға тамақтанудың алдында 10-15 минут бұрын қайнаған қан жылым су ішу керек. Ол ішектердің дұрыс жүруіне және тамақты аз мөлшерде тұтынуға жағдай жасайды. Адам ағзасы суды көп қажет етеді. Күніге ересек адамдар кем дегенде 2-2,5 л су ішу керек. Су мидың қызметін жақсартады, клетканың жаңарып отыруына қажет. Шамадан тыс көп тамақтану, дұрыс тамақтанбау, аш жүру де зиян. Ұзақ уақыт ашығу асқазан бүрлерінің желініп жоқ болып кету қаупін туғызады, сонымен қатар қауіпті аурулардың болуына жағдай жасайды.
Ет өнімдерінің қайсысы болмасын біз үшін ең бірінші орындағы ас. «Ет етке, сорпа бетке»-дейтін ата-бабамыз еттің құндылығын ерте кезден біліп, оны жегеннен кейін ағарған ішетін. Ал, қазіргі таңда газды сусындар ішетініміз белгілі. Газды сусындар ішу арқылы еттің қорытылу мерзімін ұлғайтамыз әдетте ет 4 сағатта қорытылса, газды сусындарды пайдалану барысында 6 сағаттан аса уақытқа созылады. Етті жегеннен кейін жеміс-көкеністі тұтынудың қажеті жоқ. Оның орнына қышқылдылық қасмиетке ие ағарған немесе көк шәй ішкен пайдалы.
Қой еті – денедегі желді шығаратын жылу мен күш-қуатты арттыратын қасиеті бар. Жылқының еті- ірің жиналуға қарсы және бүйрек пен белді желден тазартады. Тауықтың еті- ұрпақты көбейтеді.
Сиыр сүті – ойды ұшқырлайды, зәр айдауда пайдасы мол. Ешкінің сүті – жас нәрестелерге ана сүті жетіспеген жағдайда беріледі, майлылығы төмен. Шекшек ата төлінің сүті көптеген ісік ауруларына пайдасы бар. Қойдың сүті – ішек жолдарында қалып қойған желді шығаруға көмектеседі. Сүттің соңғы сауыны (иіндісі) шырынға пара-пар. Түнгі ұйқыға кетер алдында жылы сүт ішіп жатсаңыз асқазанға пайдалы және тәтті ұйқы кепілі.
Дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын сақтап, болашақ ұрпағымыздың түрлі ауру белгілерімен дүниеге келуінен сақтанайық. Адал да таза табиғи тұтынып, ұзақ ғұмыр кешейік!

08 қаңтар 2023 ж. 515 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031