» » Мұзда жанған алау

Мұзда жанған алау

qarmaqshy-tany.kz Аудандық Жыраулар үйінде «Емірен, жүрек, ел, байрақ» атты рухани-патриоттық кеш өтті. Кеш ақиқатын ардақтап, рух тегін салмақтаған, «ұлтым» деп теңдік үшін жан берген жасампаздарды ұлықтауға арналды.

Іс-шараға «Құрмет» орденінің иегері, танымал өнер иесі Рамазан Тайманов, облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Байназарова мен 1986 жылғы тарихи оқиғаның куәгері болған желтоқсаншылар мен аудан тұрғындары қатысты. Рухнама кеші Қызылорда қалалық жастар театры әртістерінің (жетекшісі Оңталап Нұрмаханов) көрермен көзіне жас үйірген қойылым шымылдығымен ашылды.
Мұнда қазақ қыздары әділетсіздіктің ажал құрсауына төзбей, антына адал арулардың ерліктері айтылып, жас буынға әсерлі естеліктерімен бөлісті.
– Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. КСРО елдері ішінде бірінші болып қазақ елі бас көтерді. Жастар Қазақстанда қазақ басшы болу керек деген оймен әділетсіздіктерге қарсы тұрды. Сіздер сол азаматтардың арасында болдыңыздар. Бұған ешкімнің күмәні жоқ. Бұл тәуелсіздік туын желбіретуге серпін берген оқиға еді. Сіздерге алғысымыз шексіз, – деді рухани кешті ұйымдастырған облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Байназарова.
Желтоқсан көтерілісіне қатысушылардың ерліктері бүгінгі жас ұрпаққа үлгі. Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді. Ұлттық намысымызды оятып, салт-санамызға қозғау салған тәуелсіздігімізді бір табан жақындатқан қуанышты да қайғылы күн – Желтоқсан оқиғасы. Бұл қазақ тарихының шерлі де қасиетті беттерінің бірі болып қала береді. Уақыт өткен сайын оның мән-маңызы арта түспесе, кеми қоймасы анық.
– Тарихта қалатын желтоқсан оқиғасы Тәуелсіздігіміздің бастауы деп айтуға болады. Желтоқсан – қаһармандарымызды бір еске алып қоятын сəт. Кеңес билігіне наразылық көрсеткен жастарды сескендірмеген күш – азаттыққа деген аңсау еді. Шынында да Желтоқсан оқиғасы азаттық таңы ататын күннің жақындап қалғанын сездірген оқиға болды. Бұл бүкіл халықтың рухани өміріне әсер етті. Ұлттық сананы қалыптастырып, ұлттық рухты өсірді, – деді Рамазан Тайманов.
Сонымен қатар кездесу кешінде аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Бай назарұлы да сөз алып, кез десудің ұлт санасында, рухты жылдардың, оның ішінде қазақ қыздарының әділет туын жан жүрегінде желбіреткенін ұмытпау, ерліктерін ұлықтау ниетімен өткізілген игі бастама екендігін айтып, осы шараны ұйымдастырушыларға арнайы алғысын жеткізді.
Іс-шарада желтоқсаншы жерлесіміз, No183 орта мектептің мұғалімі Ақбөпе Асқарова оқиғаға орай өз естелігімен бөліссе, бірқатар желтоқсаншы аруымыз облыстық әйелдер кеңесінің алғыс хатымен марапатталды.
Жаңа Қазақстанның негізгі мақсаты – әділеттен аттамау, әділетті қоғам құру болса, әділет үшін күрескен қазақ қыздарының есімін кеңінен ұлықтау мен насихаттау жұмыстары алдағы жылдары да өз жалғасын таба беретіні анық.
«Қт» ақпарат
18 желтоқсан 2022 ж. 370 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 294

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 390

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930