Кітапханалық сағат
qarmaqshy-tany.kz Бодандықтан құтылып, еркіндікке аяқ басқан Қазақстанымызға 31 жыл! Қуанарлық сәт! Алайда осы тәуелсіздікке жету бізге оңай болған жоқ және оны алу үшін екі жүз жылдан астам уақыт қажет болды. Отан үшін және оның болашақ гүлденуі үшін күресте көптеген адамдар қасық қаны қалғанша шайқасып, мерт болды. Бұл кең байтақ жерлер, алқаптар мен тау-сулар, біздің ата-бабаларымыз әр түрлі уақыттарды бастан өткерді: жоңғарлардан қорғанды, патшалар тұсында қыспақта қалды, ал Ұлы Отан соғысы кезінде фашисттермен шайқаса батырлық көрсетті. Сондықтан, еліміз тәуелсіздік алған күн-1991 жылғы 16 желтоқсанды, Қазақстан нығайып, аяққа тұрған күнді әркімнің есінде сақталуы қақ. Тәуелсіздік алған кезден бастап экономиканы, ғылымды, мәдениетті дамытуға ден қойылды. Оның символы-жаңа елордамыз, әсем Астана. Оның қаншалықты тез өсіп, заманауи қала болғаны еңбектің нәтижесі деп білеміз!
Осы уақытта еліміз жаңа серпінмен жас ұрпаққа сенім артқандықтан, біз ел үшін тірек болуымыз керек. Мына дәуір ендігі қылыштың күшімен емес, білім-ғылыммен сыналатын кезең екенін ескерейік дегім келеді жас ұрпаққа. Әр жас азамат пен азаматшаға берілген міндет-жақсы білім алып, өз ісінің жақсы маманы болуға тырысуы. Осылайша Біз туған еліміздің, сүйікті Қазақстанымыздың дамуына өз үлесімізді қоса аламыз.