Ұлттық рухымыздың айқын көзқарасы
qarmaqshy-tany.kz Алаш қозғалысы – XX ғасырдың басындағы қазақ жерінің барлық өңірін қамтыған ұлт-азаттық қозғалыс. 1905 жылы қазақ оқығандары ұйымдасқан түрде саяси шараларды қолға ала бастайды. Ресей патша үкіметіне 1905 жылы 26 маусымдағы сөз бостандығы мен ана тілінде оқу, діни еркіндік тағы басқа мәселелерді көтерген, «Қарқаралы кұзырхаты» деп аталған қазақ азаматарының қол қойып жолдаған құжаты – осы қозғалыстың бастауы болып табылады. Осы оқиғадан кейін Қазақстанның көптеген өңірлерінен патшалық билікке құзырхаттар жолдана бастайды.
Думаға сайланған Ә.Бөкейханов, А.Бірімжанов, А.Қалменов, Ш.Қосшығұлов, М.Тынышбаевтар Ресейдің заң шығарушы ең жоғары органында қазақтың мәселесін көтеріп, оны саяси биліктегілерге жеткізуге күш салды. Осы кезеңде ұлт мүддесін бірлесіп шешу үшін жалпықазақ съезін ашу мәселесі туындады. «Қазақ» газеті ұлттың қазір қандай жағдайда екенін, қай жолмен жүрсе қалай болмағын нұсқап, зиялылардың ең көкейтесті ойларын жариялады. Ең бастысы – газет қазақ жерінің барлық өңірін қамти отырып ұлтты оятты, қазақ баласының ой-пікірін, мақсатын тұтастырды. Яғни, ұлт-азаттық қозғалысы сөз жүзінде де, іс жүзінде де ортақ мүдде әрекетімен өрістей түсті. Қозғалыстың өрістеу эволюциясының бағыты мен қарқыны, азаттық қайраткерлерінің мүмкіндіктері мен дайындықтары 1917 жылы Ақпан төңкерісінен соң айқын байқалды. 1917 жылдың 2 сәуірінде Орынбор қаласында Ахмет Байтұрсынұлының төрағалығымен басталған Торғай облыстық қазақ съезі Алаш қозғалысының «Алаш» партиясына, Алашорда үкіметіне ұласар кезеңінің ең алғашқы айтулы оқиғасы болды. Бұл съез «Қазақ» газетінде «қазақтың тұңғыш съезі» ретінде бағаланып, Алаш қозғалысы қазақтың барша даласын қамтығандығын байқатты. Оның ішінде қазақ автономиясы туралы, қазақ саяси партиясы туралы, дін туралы және тағы да басқа ұлт тағдырының зор мәселелері болды. Бұл съез ең алдымен қазақ зиялыларының бас қосып, ортақ мүдде жолында аянбай қызмет істей алатынын дәлелдеді. Бірінші жалпықазақ съезі Алаш қозғалысына үдемелі қарқын дарытты, осы съезден кейін бүкіл қазақ даласы азаттық пен теңдік рухына бөленіп, барлық өңірлерде «Алаш» партиясының комитеттері ашылды.
Екінші жалпы қазақ съезі ұлттық мемлекетке қажетті атрибуттарын жасады. Осы тарихи съезде Алаш автономиясы жарияланды, оны басқаратын Ұлт Кеңесі, яғни Алашорда үкіметі жасақталды. Алашорданың төрағасы болып баламалы негізде Ә.Бөкейханов сайланды. Осы съезден соң қозғалыс жаңа қарқынға ие болды. Алашорда үкіметінің іс қимылдары қазақ халқының саяси жағынан да, білім-ілім жағынан да, мәдени-әдеби жағынан да өзін-өзін басқара алатын әлеуетті ұлт екендігін байқатып, ел баскарудың, ғылыми мектеп қалыптастырудың, әскер жасақтаудың, шаруашылық жүргізудің үлгілерін көрсетті.
1920 жылдың 5 наурызында Әскери-революциялық комитет Алашорданы таратуға арнайы шешім қабылдағанға дейін Алаш қозғалысы ұлт-азаттық қозғалыс ретінде біртұтас, мақсатты саяси, әлеуметтік, мәдени үдеріс болды. Сол уақыттарда Қазақ мемлекетін құру сәтсіздікке ұшырағанымен Алаш қозғалысының азаттық идеялары, мәдени, ғылыми басқа да дәстүрлері кеңестік жылдардың өзінде қазақ қоғамында өмір сүріп жатты. Осы ұлттық тарихымыздағы ең ірі, ең ұзақ ұлт-азаттық қозғалыс мұраттары тәуелсіздік жылдарында қайта жаңғырды.
Бүгінгі жаһандану дәуірінде ұлттық болмыс, ұлттық құндылықтар маңызды орынға ие. Адам баласының ғасырлар бойы жасаған мәдени мұраларынан бастау алатын өркениеттің бір бөлшегі болып табылу үшін қоғам мүшелері үнемі ізденіс үстінде еңбек етуде. Ата-бабамыз ғасырлар бойы жасап кеткен құндылықтарымызға негіздей отырып, заманауи болмысымызды жасау керек деп көрсеткен болатын. Ол үшін ең алдымен, өткен тарихты зерделеуіміз керек.
Біз бүгінгі жаңа әлемдегі жаңа қазақстандықтардың рухани болмысын жасаудың бір жарқын үлгісі ретінде Алаш қозғалысының идеяларын алуымызға болады. Алаш қозғалысы ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласына серпін әкелген, ұлт зиялыларын бір мемлекетшіл идеяға біріктірген, ұлттық мүдденің тамаша бір мектебі болды деп айтуымызға толық негіз бар. Алаш партиясының өмірге келуі, біріншіден, қазақ елінің қоғамдық дамуының жаңа экономикалық саяси және рухани негізде қайта құру қажеттілігінің пісіп жетілгенін, екіншіден Ресей империясының Қазақстанда орнатқан отарлық басқару жүйесінің дағдарысқа ұшырағанын көрсетті. Халқының азаттығы мен тәуелсіздігі, болашақ ұлт болып, мемлекет болып қалыптасуы жолындағы қазақ зиялыларының қажырлы күресі қазақ руханиятында, тарихы мен әдебиетінде кең ауқымды әрі терең насихатталып келеді. Бұл – бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның жас ұландарын тәрбиелеудің бірегей дәстүрі болып табылады. Өзінің ұлтының ұлылығы мен ұлағатынан нәр алған жас буынның тамыры тереңде, тәрбиесі түзу болып өседі. Мұндай жас буын өркениеттің қандай болмасын жаңа қарқынына өзінің ұлттық құндылықтары негізінде төтеп бере алатын болады. Өзінің адами болмысын жоғалтпай, қоғам өміріне белсенді араласып, адамзат баласына пайдалы іс жасайтынына еш күмән жоқ. Өскелең ұрпаққа әр істің тетігін үйретпес бұрын, оның бағыт-бағдарын, өмір сүру тәртібін ашып көрсеткеніміз дұрыс. Бұл әр тұлғаның өмірде өз жолын тауып, өзіне пайдалы іспен айналысуына тікелей ықпал ететін болады. Ең алдымен рухани дамуға негізделген адами құндылықтарды игеру маңызды болып отыр. Сонда ғана ұлт мүддесіне қызмет ететін, мемлекетшіл, елжанды тұлғаны тәрбиелеп шыға аламыз. Егер де оның бастауларын Алаш арыстарының жүріп өткен жолынан алатын болсақ, нағыз отаншыл, іскер, туған еліне қызмет ететін тұлғаларды тәрбиелейміз.