» » Жұмыс берушілер күні

Жұмыс берушілер күні

qarmaqshy-tany.kz ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІНІҢ БАСТАМАСЫМЕН 15 ҚАРАША КҮНІ АЛҒАШ РЕТ ӨҢІРДІҢ БАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРІНДЕ «ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР КҮНІ» ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. АТАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ІС-ШАРАНЫ АУДАНДАҒЫ АГРАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДЕ АТАП ӨТТІ.
Оқу-ағарту министрлігінің тұжырымдамасына сәйкес өткізілген жиынға аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі басшысы Біржан Өмірзақов, облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандағы филиал директоры Алмат Өтегенов, «Октябрь топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесі басшысы Әділет Қаршыға, аудандық аграрлы-техникалық колледжінің директоры Бауыржан Сайдулла, «Жаңажол» ЖШС төрағасы Орынбасар Төлепов, «Әмбебап» ЖШС төрайымы Үрзада Бекмұрзаева және «Альбер» көлік жөндеу орталығының басшысы, жеке кәсіпкер Расул Сайымбетов қатысты.
Шараның негізгі мақсаты – кадрларды даярлау сапасын көтеру және жұмыс берушілермен ынтымақтастық байланысты арттыру. Еңбек нарығында сұранысқа ие білікті маман болу – қазіргі заман талабы. Бүгінде аудандағы аграрлы-техникалық колледжде бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Іс-шарада «Жас маман» жобасы аясында шеберханалар, құзыреттілік орталықтарына экскурсиялар өткізіліп, көрмелер, мамандықтар жәрмеңкесі, тәлімгерлер тренингтері, шеберлік сыныптары, диалог алаңдары ұйымдастырылды. Келген қонақтар колледждегі төрт тігін шеберханасымен танысып, ондағы тігілген бұйымдар көрмесін көрді. Сонымен қатар аспаз мамандығын меңгеріп жатқан студенттердің қолдан пісірген тәттілерінен дәм татса, қарапайым шаруашылыққа қолданатын шөп турау құрылғысы шөп ору мәшинесінің заманауи үлгісін тамашалады.
Мұнан соң іс-шара колледждің акт залында семинарға жалғасты. Аудандық аграрлы-техникалық колледжінің директоры Бауыржан Сайдулла жиынды жүргізіп отырды. Алдымен «Жұмыс берушілер күні» тақырыбындағы семинардан туындайтын ұсынымдар қабылданды. Олар әлеуметтік серіктес мекеме және колледж арасында ынтымақтастықты нығайту, оқу орны мен әлеуметтік серіктестердің арасында ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Жұмыс берушілер күнін» дәстүрлі түрде атап өту, колледж студенттерін кәсіпкерлікке баулу, нарыққа бейімдеу бағытында жұмыстарды күшейту, бітіруші түлектерді жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстарды нәтижелі жүзеге асыру, мемлекеттік және жеке әріптестікті нығайту мақсатында бірлескен жобаларды жандандыру. Одан кейін колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлайхан Аралбаева «Академиялық дербестік шеңберінде жұмыс берушілермен өзара іс-әрекет туралы», директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Әбдікәрім Жұбанышов «Дуалды оқыту жүйесіндегі жұмыс берушілермен өзара байланыс туралы» және колледж әдіскері Раушан Елдесбаева «Кәсіпорындардың колледждерге қамқорлығы шеңберінде жұмыс берушімен өзара іс-қимыл жасау туралы» өзекті тақырыпта баяндама жасады. Әрі қарай жұмыс берушілер колледж студенттерімен еркін форматта пікір алмасты.
Кездесудің маңызды сәттерінің бірі аудандық аграрлы-техникалық колледжінің директоры Б.Сайдулла «Жаңажол» ЖШС төрағасы Орынбасар Төлепов, «Әмбебап» ЖШС төрайымы Үрзада Бекмұрзаева және «Альбер» көлік жөндеу орталығының басшысы, жеке кәсіпкер Расул Сайымбетовпен ынтымақтастық орнату мақсатында меморандумға отырып, қол қойды. Сондай-ақ колледж директоры жұмыс берушілермен жемісті ынтымақтастық үшін құттықтау сөз айтып, алғыс хат табыстады.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
21 қараша 2022 ж. 347 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930