» » Ардагер болу – абырой

Ардагер болу – абырой

qarmaqshy-tany.kz Өмірде жұмыр басты пенде қоғамда қай салаға бейім болса, сол мамандықты таңдайтыны сөзсіз. Қызметтің қиындығына қарамай оны шын жүрегімен қабылдап, елге қызмет етеді. Кейін абыройлы еңбектің арқасында зейнетке шығып, еңбегінің жемісін көреді. Әңгімемізге сөз еткелі отырған кейіпкеріміз, қиын да жауапты қызметте көргені мен көкейге түйгені мол ішкі істер саласының ардагері – Берікбай Байжанов.

Ағамыз ішкі істер саласында қызметін 1971 жылы бастаған. Үйде төрт ағайынның ішінде жалғыз өзі осы саланы таңдап, ауданның тыныштығын күзетуге үлесін қосқан. Бөлімдегі уақытша ұстау абақтысының басшы қызметін атқарған.
– Қарағанды қаласында арнайы осы мамандықты бітіріп, ауданға бұйрық бойынша қызметке орналастым. Ол кездегі тәртіп қатал болатын. Маған жүктелген қызмет қылмыс жасағандарды уақытша ұстау абақтысына қамау. Басқа қаладан пойызбен келген қылмыскерлерді қабылдап алып, аудандағы бөлімге әкеліп уақытша ұстаймыз. Қылмыскерлердің қолынан саусақ іздерін аламыз. Шашы өскендерді қысқартамыз. Себебі мұнда жуынатын жер болмаған соң оларға қиынырақ болады. Мерзімі келгенде оларды қайтадан пойызға отырғызып, жібереміз. Ол кезде қазіргідей заманауи құрылғы жоқ. Барлық құжат қолмен толтырылып жіберіледі. Тіпті қарудың өзі аз берілетін. Тек тапанша мен резеңке таяқ, – дейді сала ардагері.
Кейіпкеріміз қызметте біліктілігімен көзге түсіп, осыдан соң бөлім жетекшісі қызметіне дейін лауазымы жоғарылайды. Ендігі жүктелген міндеті ел тыныштығын күзету. Жастар арасындағы топтық төбелестің алдын алып, ұрлық істердің көзін жойып отырған.
– Біздің жұмыс уақытпен өлшенбейтін. Күні-түн демей кенттің тәртібін күзетеміз. Астымызға қызметтік көлік ретінде автобус береді. Сонымен темір жолдың арғы беті мен бергі бетін аралап шығамыз. Кейде жаяу жүреміз. Ол кезде бір-бір мінетін көлік те жоқ. Талай шақыртуларға бардық. Есімде. Бірде ең шеткі ауылдан жедел шақырту түсті. Тәртіп бұзушы кепеде жасырынып, қарумен отыр екен. Жақындағандарды жанына жолатпайды. Бір кезде мылтық атылып, бір адам жараланды. Бірақ абырой болғанда қылмыскерді ұстадық. Қызметіміз сондай қиын да жауапты болатын, – дейді ағамыз.
Берікбай Байжанов ішкі істер саласынан қол үзбей абыроймен 1994 жылы зейнетке шыққан. Зейнет жасында болғанына қарамастан үнемі қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жас мамандарға жол көрсетіп, ақылын айтып, тәжірибесімен бөлісіп отырады. Оның тәлімін алған қызметкерлердің біразы бүгінде осы салада үлгілі еңбек етуде.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
27 қазан 2022 ж. 641 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 386

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 465

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930