Құрылтай
» » Бүлдіршіндердің құрметі

Бүлдіршіндердің құрметі

qarmaqshy-tany.kz No3 «Ертөстік» бөбекжай-бақшасында ұстаздар мен қарттар күні мерекесіне орай ертеңгілік өтті.
Кеште «Ақкөгершін» ересек тобының тәрбиешілері Айгүл Қарабаева, Гүлнұр Мыханованың топ бүлдіршіндері ұстаз ардагерлерді құттықтап, жырдан шашу шашып, әсем ән мен билерін тарту етті. Нұризат Жалғасбаеваның жетекшілігімен «Балдырған» ансамблінің орындаған өнері көпшіліктің көңілінен шығып, кеш қонақтарын таң-тамаша етті. Мұнан соң хореограф Айгерім Жанғабылованың жетекшілігмен «Шаттық» би тобының бүлдіршіндерінің өнерін тамашалады.
Бөбекжай-бақша меңгерушісі А.Әбжалиева ардагерлер мен ұжым қызметкерлері, ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтады. Асыл қарияларымыздың үлгі, өнегесін ұмытпауға шақырды. Кеш соңында ардагер ұстаздар жылы лебіздерін айтып, ризашылығын білдірді.
Мерекеде бөбекжай-бақша әдіскер-психологы Жұлдызай Сәдуқызы облыс әкімінің, тәрбиеші Нұргүл Кенішбекқызы мен хореограф Әйгерім Бақтыбайқызы аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Жиын соңында ардагерлерге балабақша ұжым атынан сый-құрмет көрсетілді.
17 қазан 2022 ж. 640 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 603
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 065

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31