» » Атадан қалған өсиет

Атадан қалған өсиет

Жақында Төретам кенті клуб үйінде Төретам кенті әкімшілігінің қолдауымен және клуб үйінің ұйымдастыруымен 1 қазан – Қарттар күніне байланысты «Атадан қалған өсиет» атты еңбек ардагерлері арасында аудандық өсиет айту және бата беру сайысы өтті.

Онда Төретам кентінің әкімі Ғалымжан Елеусінов құттықтау сөз сөйледі. Байқауға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Дәурен Ержанов, Төретам кентінің әкімі Ғалымжан Елеусіновтер әділқазылық етті.
Мәдени іс-шарада байқоңырлық еңбек ардагерлері Құттымұрат Жақсылықов, Дәріқұл Махамбетов пен ақайлық Жұбаныш Жақсыбаев және Жеткерген Пірімбетов, сонымен қатар Қызылтам ауылынан келген батагөй анамыз Гүлжахан Ахметова мен иіркөлдік ақын Абдулла Байкенжеевтер сайыстың екі кезеңнен тұратын талаптары бойынша «Қариялардан қалған нақыл» атты өсиет, қисса-дастан немесе өнегелі әңгіме айту және «Батаменен ел көгерер» тақырыбында өзара бақ сынасты.
Тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор болып өткен сайыста ардагерлер өздері өмірден түйген, ата-бабалардан естіген, білген өсиеттері мен әңгімелерін және баталарын сахна төрінде паш етіп, көрермендер көңілінен шықты.
Сонымен, сайыс қорытындысында әділқазылар алқасының шешімімен әр батагөй сайыскер арнайы дипломдар мен сый-құрметке ие болды.
Іс-шара соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков сайысқа қатысушыларға құрмет көрсетіп, ризашылығын білдірді.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ
27 қыркүйек 2022 ж. 771 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 304

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 401

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930