» » Мал азығы: Қаһарлы қыс қамсыздықты көтермейді

Мал азығы: Қаһарлы қыс қамсыздықты көтермейді

Елдегі ауыл шаруашылық өндірісінің маңызды саласы – мал шаруашылығы ежелден қазақтың дәстүрлі кәсібі ретінде дамып келеді. Әдетте мал шаруашылығын өркендетуде шешімін табатын шаруа көп қырлы. Соның ішінде мал азығын қамдау – ең маңызды мәселе. Өйткені, жеткілікті мал азығы қоры жасалмай мал шаруашылығы ешуақытта серпінді дами алмайды.
Қазақстанда мал өсіруді ежелден кәсіп еткен ата-бабаларымыз неліктен мал соңында көшіп-қонып жүрген? Себебі, еліміздің ауа райы мен жер ерекшелігіне байланысты бұл әдіс табиғи жайылымдықтарды ұтымды пайдалана білудің жолы болған. Бүгінгі технология қарыштап дамыған заманда мал өсіру шаруасында азықтандыру мәселесі көбіне табиғи жайылымдықтар мен шабындықтардың әлеуетіне әлі де тәуелді. Былтырғы құрғақшылық тек батыс өңірлерде ғана емес, өзіміздің аймақта да орын алды. Дегенмен, қазір өңірдегі жағдай тұрақталды. Бұл да күн тәртібінен түспейтін мәселенің бірі болып отыр. Қазақта «Қылышын сүйретіп қыс келеді» деген сөз бар. Бұл халқымыздың қай кезде де сақтанып отыратынын көрсетсе керек. Тіршілігі малмен байланысты қазақтың бұл өмір дағдысы десе де болады. Сондықтан, күні бүгінге дейін осы сақтық әр жыл сайын қайталанып отырады. Қаһарлы қыс қамсыздықты көтермейді. Ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығымен айналысатын біздің ауданда қыстық мал азығын дайындаудың маңыздылығы күн өткен сайын артуда. Мал азығы – ертеңгі ел азығы. Ал оның жайы қандай?
Мамандардың айтуынша, мал шаруашылығында өсім байқалады. Мәселен, төрт түлік бойынша орташа өсім 6,8 пайызды құраған. Былтырғы жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 5,1 пайыз, қой 2,0 пайыз, ешкі 6,8 пайыз, жылқы 21,6 пайыз, түйе 8,6 пайыз, үй құстары 9,9 пайызға көбейіпті. Аудандағы төрт түлік мал басы санының өсуіне байланысты жайылымдық жерлердің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында елді мекендерден шалғай орындардағы көне су ұңғымаларын тазарту арқылы, қайта іске қосу үшін 26 су ұңғымасы құжаттандырылып ұсынылған. Ал бірінші орымда 4 мың гектар жоңышқа орылып, әр гектарынан орташа 19,8 центнерден өнім алыныпты. Ауыл тұрғындары мен шаруашылық қызметкерлеріне төмендетілген бағада берілген. Бүгінгі күні жоңышқаның екінші орымы бойынша ору және жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр екен.
Мал азығын дайындау уақыт күттірмейтін мәселе. Аудандағы шаруашылықтар тыл ардагерлеріне, тұрмысы төмен отбасына, сонымен қатар отбасында жұмыс істемейтін зейнеткерлерге, тегін шөп түсіріп беруде.
Осы жылдағы дерекке сүйенсек, салалар бойынша мал басында өсім бар. Аудан халқы мал бағу жағынан жақсы кәсіпке бейімделуде. Шаруашылықтар қанша қиыншылық көрсе де кәсіптері алға басып, ілгері келе жатыр. Мал шаруашылығын дамыту, өнімділігі мен сапасын арттыруға тиісті субсидия бар. Былтыр жем-шөп алуға субсидия берілген. Бұл сәл де болса көмек. Өткен жылы Арал аймағында қуаңшылық орын алып, мал азығында көп қиыншылық болды емес пе? Ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары биыл ол жақта да, өзіміздің аймақта да мал азығынан мәселе туындап жатқан жоқ дегенді алға тартады. «Жеткілікті болады деген сенімдеміз» дейді олар. Демек, мал күйлі, шаруаның ісі оңды болады деген сөз.
Айнұр ӘЛИ
07 тамыз 2022 ж. 570 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930