» » Мал азығын әзірлеу – маңызды іс

Мал азығын әзірлеу – маңызды іс

Қоңыр күз келді дегенше, қысқа қам жаса десейші. Себебі, қазақта «Қылышын сүйретіп қыс келеді» деген сөз бар. Бұл халқымыздың қашанда сақтанып отыратынын көрсетпей ме? Ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығымен айналысатын ауданда қыстық мал азығын дайындаудың маңыздылығы күн өткен сайын артуда.


Тіршілігі малмен байланысқан қазекемнің бұл – өмір дағдысы іспетті. Сол үшін күні бүгінге дейін мұндай сақтық жыл сайын қайталанып отырады. Қазан айына әлі кірмесек те қара суық қаһарлы қыстың қамсыздықты көтермейтінін сездіргендей. Мал өнімі – ертеңгі ел азығы екенін ескерсек, мал жемінің жайы қалай?

Қуаңдария ауылында 25 908 мың гектарлы «Таңатар» шаруа қожалығы бар. Негізгі кәсібі – табиғи шөптен қысқы мал азығын дайындау, сату. Қожалықта 3 «Беларусь» тракторы, 1 автомашина жұмыс істеп тұр.

– Елдегі ауылшаруашылық өндірісінің маңызды саласы мал шаруашылығы ежелден қазақтың дәстүрлі кәсібі ретінде дамып келеді. Әдетте мал шаруашылығын өркендетуде шешімін табатын шаруа көп қырлы. Соның ішінде мал азығын қамдау маңызды мәселе. Себебі, жеткілікті мал азығы қоры жасалмай мал шаруашылығы
ешуақытта серпінді дами алмайды. Көктем мен ерте қамданамыз. Солай мал азығын дайындауға кірісеміз, – дейді «Таңатар» шаруа қожалығының төрағасы Болат Әлдебайұлы.

Шаруа қожалық бүгінде 30 000-нан астам тай шөп орған. Оны Қуаңдария мен Көмекбаев ауылына жеткізіп, табиғи шөппен қамтамасыз етуде. Өз кезегінде Б.Бөгетов жанармайдың, басқа да табиғи шөпті тайлауға қажетті заттардың қымбаттауына қарамастан ауыл тұрғындарына табиғи шөптің бағасын 200 теңгеден асырмай сатты. «Бұл жұмыста еңбеккерлер Дарап Шаһзадиев, Самат Тілеуқабылов, жаткашы Орынбек Қабыланов пен шөп басушы Бердібек Қуаңбаевтың еңбегі орасан» дейді білікті басшы. Қысқы қамның күйбеңінен бөлек, шаруа қожалық тұрмысы төмен отбасыларға қол ұшын созып, мерекелік іс-шараларға демеушілік жасайды. Пандемия уақытында да 21 отбасыға көмек көрсетіпті.

Алдағы уақытқа көп жоспар қойған шаруашылықтың мақсаты айқын. Сәтін салса мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, қосымша мал шаруашылығымен айналысуға талпыныс жасамақ ниетте. Әрі 3 адамды тұрақты, 4 адамды маусымдық жұмыспен қамтығысы келеді. Иә, ауылдағы мұндай тынымсыз тірлікке қарап біз де бір марқайдық. Бұл – ауыл тұрғындары қыстық мал азығынан тапшылық көрмейді дегенге саяды.

Айнұр ӘЛИ
26 қыркүйек 2020 ж. 1 131 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031