Мәміле — бітімге бастар жол
Қоғамда дау-дамайдың көптігі жасырын дүние емес. Осыған қарап дана қазақ «Ел даусыз болмайды, ер жаусыз болмайды» деп тәмсілдеген. Қазір дауды шешу тек құқық қорғау органдары мен сот жүйесінің құзыретінде деген пікір қалыптасқан. Мұнан бөлек осы қос тарапты бітімге шақыратын медиация институты жайлы жұрт бірі білсе, бірі білмес.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында «Он жылдай уақыт бұрын «Медиация туралы» Заңды қабылдадық. Бірақ қазіргі кезге дейін бірде-бір мемлекеттік орган оның даму мәселесімен айналысқан емес. Айқын мемлекеттік саясат байқалмайды. Бұл жағдайды реттеп, қателікті жөндеу керек» деген болатын. Айтса айтқандай медиация ұғымның өмір сүретіндігінен көпшілік бейхабар. Дегенмен даудың оңынан болып, бітімге келудің бірден-бір жолы – медиация.
Осыған дейін жергілікті соттар мен Қазақстан халқы ассамблеясы жанынан құрылған органдар медиацияның даму мәселелерімен айналысып келгені сөзсіз. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасының «Сотсыз татуласу орталығы» бағыты бойынша белгіленген жоспарға сәйкес медиаторлардың, жергілікті жерлерде билер кеңесінің құрылып жұмыс істеуіне ықпал етті. Қазіргі таңда медиацияның ауқымы кеңейіп келеді. Мәселен, аудандағы медиатор көмегімен бітімге келген істер дерегіне сүйенсек 2020 жылдың 6 айында – 22, 2021 жылдың 6 айында – 43, 2022 жылдың 6 айында – 36 медиация рәсімі жүргізілген.
Жалпы медиацияның көптеген артықшылықтары бар. Алдымен мұнда қос тарап уақыт үнемдейді. Сонымен қатар сот рәсіміне қарағанда бұл рәсім әлдеқайда қысқалау өтеді және баж салығын қажет етпейді. Бұл жайында толығырақ аудандағы кәсіби емес медиатор Өмірбек Өміртаев өз пікірін былай жеткізді.
– Сотта көбіне жариялық басым жүреді. Сөздердің тез тарау салдары адамның психикасына да әсер етеді. Ал медиация қос тараптың арасындағы мәселені жасырын ұстап, құпиялығын сақтап қалады. Ащы болса да шындық. Қазір дәм-тұзы жараспаған ерлі-зайыптылар бірден ажырасуға бел буады. Сол ажырасу процесі көбіне үлкен дауға әкеп соқтырады. Әсіресе, бұрынғы жұптың ортақ мүліктері бөліске түссе, тіпті қиын. Әр тарап өзінің шындығын айтып, аргументтерін ақиқат деп біледі. Ал, әрбір аргументті айқын дәлел ететін құжат керек. Демек, қағазбастылық арта түседі. Осыдан кейін жүйкесі тозып, бір-бірін мүлдем көре алмай кететіндер де жоқ емес, бар. Жағдайды соншалықты шиеленістірмей-ақ, тараптар толық татуласпаса да, ортақ мәмілеге келіп, аяғында жақсы қарым-қатынастарын сақтап қалатындай жағдайға жетіп жатса, бұл медиатордың үлкен жеңісі деп ойлаймын. Ашығын айтқанда медиация азаматтардың абыройына нұқсан келмеуін мақсат етеді – дейді ол.
Әрине, бүгінгі таңда медиация барлық даулы мәселелерді шешеді деуге де болмайды. Кейбір жасалған қылмыстар медиаторлардың қарауына мүлдем берілмейді. Солардың қатарында терроризм, экстремизм, кісі өлтіру, қарақшылық жасау, Отанды сату, жемқорлық қылмыстары және тағы басқалары. Яғни, тараптардың татуласуы мүмкін емес деген сөз. Мұндай істерді тек сот қарап, заң шеңберінде тиісті жазасын тағайындайды.
Ұлы Дала тарихында медиация институты ерекше орын алғаны хақ. Атақты Төле, Қазыбек, Әйтеке билер бүгінгі кәсіпқой медиаторлары іспеттес. Өзара дауласып, жанжалдасып қалған руларды, ауылдарды, әулетті бір-бірімен татуластырып, әділ шешімін шығарып, ортақ мәмілесін тауып отырды. Тәуке ханнан мұра болып қалған "Жеті жарғыда" да баптардың біразы медиация принциптеріне негізделген. Біз бұл механизмді "бабалар мұрасы" деп атауға толық құқығымыз бар. Себебі кешегі даладағы билер соты дәл осы медиация принциптеріне негізделген.

Ерсін ӘЛІБАЙ