» » Мамандық таңдау – болашағыңды таңдау

Мамандық таңдау – болашағыңды таңдау

Кәсіпкерлік - тәуекелге бару және өз-өзіңді жұмыспен қамту. Қазіргі уақытта жастар арасында кәсібін бастағысы келетін ниетті, бастамашыл жастардың бары қуантады. Жастарға дұрыс жол сілтеу, кәсіби бағдар беру бүгінгі күнде бас ауыртар жұмыс. Себебі, бүгін дұрыс таңдалмаған мамандық ертең жұмыссыздар қатарын көбейтері анық. Мамандық таңдауда жастар қателеспеу керек. Мамандық таңдау- болашағыңды таңдау, өз өміріңді таңдау. Осы бағытта Жастар Ресурстық Орталығының ұйымдастыруымен, Қармақшы Аудандық Кәсіпкерлік Бөлімінің қолдауымен жастарға кеңес беру, жастарды өз ісін бастауға баулу мақсатында жастар өкілдерімен кездесу өтті. Шараға шақырылған соң не айтам, қандай пікірмен бөлісем деген ізденіс болатыны ақиқат. Жастардың еркін ойы, ұшқыр идеясы бары қуантады. Өздерін ойландырған сауалдарын қойған болатын. Шама шарқымызға қарай жауап бердік. Жастар тезірек және оңай жолмен баюға ұмтылады. Бұл бағытта кездесетін кедергілер мен одан шығатын жолдарды саралап көрдік. Кез келген адам өзінің хоббиін кәсіпке айналдыра алады. Ол үшін үнемі ізденіс пен еңбек қажет. Үнемі айтатыным, кәсіп бастаймын, жұмыс жасаймын деген жастарға әрқашан бағыт бағдар беруге дайынбыз.
11 маусым 2022 ж. 394 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930