» » «Әбдіжәміл Нұрпейісов – заманымыздың заңғар жазушысы» атты республикалық ғылыми конференция өтті

«Әбдіжәміл Нұрпейісов – заманымыздың заңғар жазушысы» атты республикалық ғылыми конференция өтті




 Сыр өңірінде ұлт әдебиетінің абызы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовті еске алу кешінің жалғасы ретінде бүгін «Әбдіжәміл Нұрпейісов – заманымыздың заңғар жазушысы» атты республикалық ғылыми конференция ұйымдастырылды.
Жиынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Балайым Кесебаева, жазушы, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елубай Смағұл, ҚР Мәдениет қайраткері Мырзан Кенжебай және кинорежиссер Рүстем Әбдірашов, Ақтөбе облысы Шалқар ауданының арнайы делегациясы, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен ұстаздар, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туған-туысқандары қатысты.
Конференцияда аймақ басшысы жазушының рухани мол мұрасы мен құнды туындылары бүгінгі ұрпағының рухын көтеріп, тәуелсіз Қазақ елінің баянды болашағына қызмет ете беретінін атап өтті.
Қазақ елінің, қасиетті Сырдың руханиятына, әлемдік ақыл-ойдың бай қазынасына өлшеусіз үлес қосқан классик жазушы, елінің Әбесі болған дарабоз тұлға туған жерінің тағдырлы мәселесін жаһандық деңгейге жеткізіп, оқырман қауымның шексіз ықыласына бөленді.
«Мәдени-рухани дәулетіміздің қадір-қасиетін қапысыз пайымдап, елі мен жері үшін тер төккен тұлғаларымыздың болмысын жаңылмай танып отыру – ұрпақ парызы» деп өзі айтып кеткеніндей, енді бізге Әбдіжәміл ағаның шығармашылығын, қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосқан өлшеусіз еңбегін, қайталанбас классикалық туындыларын жас ұрпаққа ұлағаттау аманат болып қалды. Сондықтан, еске алу шарасын екі күнге екшеп, оның әрбір сәтін мән-маңызға толы мезіретпен атқаруды ойластырдық,-деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Іс-шарада Елубай Смағұл жазушының кесек болмысын және шығармаларындағы кейіпкерлердің мінезі мен ұстанымын жеткізудегі ерекше қолтаңбасын сөз етсе, Мырзан Кенжебай Әбдіжәміл Нұрпейісов шығармаларының терең мағынасы, өзекті сюжеттері мен аса шеберлікпен суреттелген кейіпкерлері болашақ оқырманның да жүрегінде әрқашан маңызды орын алатынын тебіреніспен жеткізді.
Сондай-ақ, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессорлары Бағдат Кәрібозұлы, Ғабит Тұяқбаев және Ұлжан Жанбершиева классиктің шығармаларын жан-жақты талдап, Сырдың дара перзентінің ел болашағы үшін еткен ерен еңбегі мен азаматтық тұлғасын саралады.


28 мамыр 2022 ж. 651 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 211

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 149

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 320

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930