» » Қазақтың абызы еді

Қазақтың абызы еді

КСРО ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚТАРЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ, ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ, ЕҢБЕК ЕРІ ӘБДІЖӘМІЛ НҰРПЕЙІСОВ 98 ЖАСҚА ҚАРАҒАН ШАҒЫНДА ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ.
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілімен қоштасу Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтті. Мемлекеттік хатшы Ерлан Карин президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту жеделхатын оқып, марқұмның туыстарына табыстады.
"Аса көрнекті қаламгер, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтің дү­ние­ден өтуіне байланысты көңіл айтамын. Әбдіжәміл Кәрімұлы сұрапыл соғысты бас­тан кешіп, елге оралған соң қазақ әдебиетін өркендетуге сүбелі үлес қосты. Ұзақ жылғы шығармашылық қызметі же­місті болды. "Қан мен тер" трилогиясы, "Соңғы парыз" дилогиясы сияқты туындылары сыншылар мен оқырмандар тарапынан жоғары бағасын алды. Заман жүгін көтерген романдары әлемнің көптеген тіліне аударылды. Әбдіжәміл Кәрімұлының жаңа белесті бағындырған қазақ әдебиетін шетелге танытуға сіңірген еңбегі орасан зор. Ол ұлт ру­ханиятының көшбасшысы бол­ды. Ол – ұлт классиктерінің жолын лайықты жалғастырған қуатты қаламгер. Өзі де қа­зақ әде­биетінің партиархына айналды. Әбдіжәміл Нұрпейісов­тің соңында ұр­паққа үлгі, ұлысқа игі болатын шығармалар қал­ды. Елге ес, сыртқа сес болған жазушының енді екінші өмірі басталды" делінген мемлекет басшысының жеделхатында.
Жазушыны ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне қа­тысуға аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова бас­таған сыр­бойылықтар арнайы барды. Сондай-ақ халық жазушысының туған жері Белараннан то­пырақ әкелінгенін жеткізді. Қаралы жиында марқұмның шығармашылық жолындағы елеулі еңбегін ортаға шығып айтқандар қатарында мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, мемлекеттік қайраткер Қырымбек Көшербаев та бар.
Бір болмысына қаншама парасат пен пайымды сіңіріп, рухани кемел тұлғаға айналған ұлт мақтанышының өмірден өткеніне, оның жоқтығына әлі де сене алар емеспіз.
Жазушының туыстары мен отбасына қармақшылықтар қай­­ғыра көңіл айтады.
"Қт" ақпарат
08 ақпан 2022 ж. 264 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031