» » Ұстазға құрмет

Ұстазға құрмет


1970 жыл. Әрбір жан мектепке тарыдай болып кіріп, таудай болып шығады емес пе? Соның бірі мен едім. Бұрынғы Чапаев атындағы ұжшардың тумасымын. №109 мектепті бітірдім. Біз, бұрынғы Энгельс ұжшарындағылар, аудан орталығында №183 мектеппен қосылып 9 «г» сыныбын құрдық.

Қоңырау соғылды. Кенеттен қолында журналы бар бір әдемі қыз мектеп директорының оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Қали Шыңғысов ағаймен сыныпқа енді. Мұғалім үстелінің жанына келіп, журналын қойды. Қали ағай жаңа оқу жылына құтты қадам, сәт сапар тілеп "мына кісі сендерге сынып жетекші болады" деп Құндызай Молдабаеваны таныстырды. Содан соң бізге жүрекжарды тілек айтып, бір-бірімізбен таныса бастадық. Ұстазымыздың біз алғашқы шәкірті болатынбыз. Оның бойындағы адами қасиет пен мейірімі мені ерекше баурап алды. Біздер осы аудандағы Ш.Уәлиханов атындағы №26 мектептің түлегі болдық. Елден келген оқушылар интернатта орналастық. Ұстазымыз бізге жиі келіп, сабағымызды қадағалап, пысықтап кетуші еді. Біз оншақты қызбыз. Үйіне апарып та сабақ оқытатын. Анасын көргенде біз өз анамызды көргендей сезінетін едік. Біздерге мейіріммен қарайтын. Сабақ оқып болған соң ақ дастарқанын жайып, бір шелек айранын әкеледі. Үлбіреп жаңа піскен қып-қызыл таба нанының иісі әлі тынысымнан кететін емес. Құндызай апайдың анасы біздерге балды бармағымен айран құйылған кесені ұсынады. Сол кезде осындай мейірімді анадан туған қыз қалай мейірімді болмасқа деген ой түйетінбіз. Кей мезетте самаурынға шай қойып, дастарқанын тәттілерге толтырып, ыстық шайдан құйып беретін. Апайымыздың анасы дүние салғанда көңіл айтып бардық. Себебі анасының мейірімі, жылы жүзі, сый-сияпаты, жайған дастарқаны көз алдымыздан кетпейді. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» деген емес пе дана қазақ. Содан бері арада 50 жыл зымырап өтіп кетіпті. Біріміз ата, біріміз әже болып немере сүйген жайымыз бар. Ұстазыма ұзақ ғұмыр, ұрпақтарының арасында сыйлы, елдің елеулі, халықтың қалаулысы болып жүре беруін тілеймін.
Қоныскүл БОРАНБАЕВА
14 мамыр 2022 ж. 644 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 263

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 362

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930