» » Баспана сыйлады

Баспана сыйлады

Қайырымдылық жасап, қолдау көрсету қазақтың қанында ежелден бар қасиет. Мұқтаж жандарға жақсылық жасауды асыл дініміз де бұйырады. Бүгінде мемлекет тарапынан да, демеушілердің көмегімен де көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға әркез қолдау көрсетілуде. Соның бірі – жақында ауданымызда тағы да көрініс тапты.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген. Қасиетті Рамазан айының жұма күнінде ауданымыздың бір тұрғыны баспаналы болды. Жақсы іске мұрындық болған қайырымды жандар кентіміздің 1982 жылы туған азаматтары. Олар 3 бөлмелі үйді көпбалалы ана Индира Оспановаға табыстады. Сонымен қатар ауданның "Демеу" еріктілері және Рахман, Жаңабай, Сахи есімді ағалардың ұйымдастыруымен ауызашар беріліп, тосын сый жасалды.
Көпбалалы ана бұған дейін пәтерден пәтерге көшіп, жалдап күн көріп келген. Қасиетті айда жылы, жайлы баспанаға кіремін деп ойламапты. Қуаныш сәтте көз жасына ерік беріп, барша көмек қолын созған жандарға алғысын жаудырды.
– Баспаналы болу әрбір жанның арманы ғой. Осы уақытқа дейін жеке үйім болса деп тілеп келдім. Рамазан айында тілегім қабыл болғандай күтпеген жерден тосын сыйлы болдым. Бұл қуанышымды қалай жеткізерімді де білмеймін. Сіздерге аналық алғысым шексіз. Жасаған жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеп қайтсын, – деді баспана иесі.
Аудандық «Қармақшы ата» мешітінің бас имамы Өміржан Тобжанов қайырымдылық жайында уағыз айтып, қасиетті айда оның сансыз сауаптан жазылатынын жеткізді. Ал қуанышқа ортақтасуға келген жандарға ауызашар дастарқаны жайылып, Құран оқылды.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
         
04 мамыр 2022 ж. 783 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 137

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 493

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930