» » Қармақшыда "Ауызашар қоржыны" таратылды

Қармақшыда "Ауызашар қоржыны" таратылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Рамазан айында мешіт есіктері уақытша жабылғанымен мейірімділік, ізгілік пен сауап есіктері айқара ашық тұратындығын айтып, қасиетті Рамазан айында мұқтаж отбасыларға ауызашар есебінен қайырымдылық жасауды үндеген болатын. Осы орайда ҚМДБ-ның Қызылорда облысының өкілдігі үйымдастырған "АУЫЗАШАР ҚОРЖЫНЫ" қайырымдылық шарасына Қармақшы ауданы да үн қосуда. Қасиетті Рамазан айының бірінші аптасында Зекет қайырымдылық қорымен бірлесе отырып, жанашыр жамағаттың қолдауымен 65 отбасына, екінші аптада аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен 45 отбасына, Ұлы жеңістің 75 жылдың мерейтойымен қатар келген Рамазан айының 3-ші аптасында Жосалы кентінін 1991 жылы туылған ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСТАРЫНЫҢ, және де жанашыр кәсіпкерлердің демеушілігімен 91 мұқтаж отбасына "АУЫЗАШАР ҚОРЖЫНЫ" үлестірілді.
Аталмыш шараға үлес қосқан барша қайырымды жандарға алғысымызды білдіреміз.
Алла Тағала қасиетті Рамазан айында істеген игілікті істеріңізді сауаптан жазғай!
Qarmaqshy Meshiti фейзбук парақшасынан 
09 мамыр 2020 ж. 1 810 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 832
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 555

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930