Жаңа Қазақстанға – жаңа бастамамен

Сондай-ақ, бүгінгі жиында партияның басшылығына бірауыздан Ерлан Қошанов сайланды. Ол мемлекеттіміздің қоғам қайраткері, жастайынан мемлекет ісіне араласып, түрлі қызмет сатысынан өткен азамат. Қазіргі таңда мәжілістің спикері. Бұл таңдау да құптарлық шешім. Себебі депутаттар қашанда партияға жақын тұлғалар. Бұл ретте «Партия халықпен бірге» деген қағида әрдайым сақталатыны айқын. Ерлан Қошановтың төрағалыққа сайланғанын қуанышпен қабылдадым. Ол бұрын мемлекет жүгін үлкен жауапкершілікпен арқалап келді. Сондықтан да партия қызметін де алға жылжытатынына сенім білдіріп, жаңа қызметіне сәттілік тілеймін.
Кешегі отырыста қабылданған тағы бір маңызды шешімнің бірі – «Adal» партиясының «Amanat» партиясына қосылуы. «Adal» құрылғанына көп уақыт бола қоймаған жас партиялардың қатарына жатады. Бірақ бұл партияның құрамына қазіргі саяси жағдайды толық меңгерген, саяси көзі ашық, сауатты адамдардың бары анық. 2021 жылғы сайлауға дайындық барысында аталған партияның да сайлауалды бағдарламасымен, оның мүшелерімен таныстық. Сол уақытта олардың іскер азаматтардан құралғанын аңғарған болатынбыз. Олардың біздің партияға қосылып жатқанына қуанамыз. Бұл арқылы партиямыз тек күшейе беретініне анық. Осылайша Жаңа қазақстанға жаңа бастамамен еніп келеміз. Алда әлі де үлкен саяси өзгерістер болатынына, олардың ел игілігі үшін қызмет етеніне сенім білдіремін.
Әділ ҚОШАЛАҚОВ
аудандық мәслихат хатшысы
аудандық мәслихат хатшысы