» » «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIII съезі өтті

«AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIII съезі өтті

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIII съезі өтті. Онлайн форматта өткен жиынға  делегат ретінде қатыстым.
Мемлекет басшысы жиын барысында «AMANAT» партиясынан шығу жөнінде шешім қабылдағанын мәлімдеді. Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін де партия төрағасы лауазымынан босап, ұйым қатарынан шығатыны туралы айтқан еді. Бүгінгі съезд барысында осы ұйғарымды жүзеге асыратын кез келгенін атады.
«Бүгіннен бастап «AMANAT» партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдадым. Бұл қадамның символдық мәні бар. Осы орайда Президент сайлауында маған сенім артып, қолдағандарыңыз үшін баршаңызға алғысымды айтқым келеді. Сондай-ақ жауапты сәтте партия тізгінін сеніп тапсырғандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін» деді Мемлекет басшысы. Президент «AMANAT» партиясының төрағалығына Ерлан Қошановты ұсынды. Съезд делегаттары ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановты партия төрағасы етіп сайлау туралы ұсынысты бірауыздан қолдады. 
Сонымен қатар, съезд барысында «ADAL» саяси партиясының «AMANAT» партиясына қосылуы туралы мәселе қаралды. Осыдан біраз уақыт бұрын, наурыз айында жария етілгеніндей, «ADAL» партиясы қосылу туралы бастама көтерген еді. Ал, съезд барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа Қазақстанды құрамыз десек – елге жанашыр, қоғамдық саяси күштердің бәрі жұмылуы керек. Бұл ретте партиялардың өзара тіл табысып, саяси жүйені дамытуы аса маңызды. Сондықтан «ADAL» партиясының бастамасын қолдап, онымен біріккен жөн деп санаймын» деген пікірін білдірді.
Саяси маңызы зор қадамның «AMANAT» партиясын жаңғыртып, күшейте түсуге септігін тигізетініне сенім мол.
Бірлесіп, жаңа Қазақстан құру, ашық, естуші мемлекет қалыптасытру жолындағы ортақ мүддеге жұмылу жоспарымызда. Президент атап өткеніндей, тұрғындармен кері байланыс жасауды күшейту, аймақтарда депутаттық фракциялардың тиімділігін арттыру және партияның жастар қанатын жаңғырту мәселелері де күн тәртібінде.

Дастан БУХАНОВ,
"AMANAT" партиясының атқарушы хатшысы

26 сәуір 2022 ж. 841 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 373
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 147

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930