» » Ән әлемінің падишасы

Ән әлемінің падишасы

Аты аңызға айналған әнші, қазақ халқының мәдениеті мен руханиятының алтын қорына зор үлес қосқан Қазақстан және КСРО халық артисі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы бүгінде рес­публика, ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілуде. Соның бірі Қызылорда қаласында 20-21 сәуір күндері болды.
Облыс орталығының қақ төрінен орын алған ескерткіштің ашылу салтанатында облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы құттықтау сөз сөйледі.
Роза Бағланова 1922 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысының Қазалы өңірінде туған. 1941 жылы Қызылорда педагогикалық институтын бітіріп, өнер жолын Ташкент филармониясының ән-би ансамблінде әнші болып бастады. Ол сол ансамбль қатарында Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында өнер көрсетіп, 1945 жылы 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысқан.
1947-1949 жылдары Қа­зақ опера және балет театры­ның, 1949-1960 жылдары Қазақ филармониясының, 1960 жылдан бері Қазақ­концерттің әншісі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға еңбек сіңірді.
1946 жылы Мәскеуде өткен бүкілодақтық эстрада әншілері конкурсының дипломаты, 1949 жылы Бухарес­те өткен бүкіл дүниежүзілік Жастар мен студенттердің ІІ фестивалінің лауреаты атанды. «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы» ордендерімен, «Шапағат» медалімен марапатталған.
Роза Бағланова 2011 жылы 8 қаңтарда Алма­ты­ қаласында 89 жасын­да дүниеден өтті. Әнші­нің орын­дауындағы Абай­дың «Желсіз түнде жа­рық ай», композитор­ М.Төлебаевтың ақын өле­ңіне жазған «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», С.Мұхамеджановтың «Жарқ етпес қара көңлім не қылса да», «Қиыстырып мақтайсыз» әндері Қазақ радиосының қорында сақтаулы. Оның орындауындағы әндер бірне­ше рет күйтабаққа жазылып, қазақ музыка мәдениетінің алтын қорына қосылған.
– Сырда өнердің тойы өтті. Сырдан қанаттанып, өресі биік ән падишасына айналған ғазиз ғұмыр иесінің мерейтойлық шаралары қаламыздың орталық алаңында Роза Бағланова ескерткішінің ашылуымен бастау алды. Ескерткіштің авторлары мүсіншілер Мұрат Сыдықов пен Бауыржан Кененбай. Оның биіктігі 3,5, бас киімімен қоса алғанда 4 метр. Тұғыры граниттен, ескерткіштің негізі қоладан құйылған, – деді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бас­шысының орынбасары Жанат Құрамысова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөйлеген сөзінде.
Баспасөз конференция­сына Роза Бағланованың продюсері болған Қуаныш Абдухалимов қатысты. Ро­за Тәжібайқызы – «Ғасыр адамы». «Адам өлген күні өлмейді, ұмытылған күні өледі». Сондықтан аңыз адамды ұлықтауды үзбеу қажеттігін айтты.
Роза Бағланованың ұлы Тәжен Бағланов анасы туралы жылы естеліктер айтып, оның атынан Алматы қаласында мұражай ашылатынын, туған жері Қазалы ауданындағы мұражайға да естелік заттар ұсынатынын жеткізді.
Мұнан соң сөз алған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Жеңіс Сейдоллаұлы 2 күнге созылғын «Ақмаңдайлым» атты республикалық әнші­лер конкурсына тоқталды. Кон­курсқа барлық өңірден 200 талапкердің ішінен 15-і іріктеліп алынған.
Ән бәйгесі гүл дәурен, ғазиз ғұмыр, ғасыр бұл­бұлының әндерімен әуеле­ген гала-концертке ұласып, Сыр аспанын әнмен тербеп тұрғандай күйде болды.

«ҚТ» ақпарат
23 сәуір 2022 ж. 796 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 049

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031