» » «Жасыл» аймақ болсақ та, сақтық керек

«Жасыл» аймақ болсақ та, сақтық керек


Әлемде коронавирус инфекциясының дүрбелеңі әлі басылған жоқ. Мамандар түрлі болжам жасағанымен, жұқпалы індеттің нақты қай уақытта тоқтайтынын дөп басып айта алмай отыр. Сондықтан бізге әлі арқаны кеңге салатын кез келген жоқ. Әлі де сақтық шараларын естен шығаруға болмайды.
Еліміздің бас санитары індеттің шарықтау шегінен өткенімізді айтты. Пандемия уақытында халықтың қауіпсіздігі үшін мемлекет тарапынан біршама жұмыс атқарылды. Халық саулығы үшін төтенше жағдай режимі енгізіліп, қызметкерлер қашықтан жұмыс істеп, оқушылар онлайн білім алды. Бүгінде бұл күндер артта қалды. Карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынып, сәл де болса көңілді бірледік. Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірі «жасыл» аймақта. Бұл да қуанарлық жаңалық. Алайда шектеулер алынды деп алақайламай, күнделікті өмірде сақтық шарасын әлі де қатаң қадағалауымыз керек. Кезең-кезеңімен қалыпты өмірге оралып келе жатқанымыз көп көңіліне демеу.
Ауданның бас санитары «жасыл» аймақта болдық деп босаңсуға әлі ерте екенін айтады. Өйткені көршілес ­елдерде күн сайын ковидке шалдыққан мыңдаған адам тіркеліп, біршамасы осы қатерлі індеттен қайтыс болуда. Сондықтан ол санитарлық талаптарды орындамасақ шетелдегі жағдай бізде де қайталануы мүмкін екенін жоққа шығармады.
– Соңғы күндері өңірдегі эпи­демиологиялық ахуал біршама тұрақталып келеді. Қызылорда облысы біршама уақыттан бері жасыл аймақта. Індетпен тіркелушілер жоқ. Республика бойынша да күнделікті тіркелушілердің саны күн санап азаю­да. Біз пандемиямен күресте небір қиын күндерді артқа қалдырдық. Сондықтан қазіргі көрсеткішке қуанамыз, әрине. Десе де шектеулер жеңілдетілгенімен, карантин әлі толық алынған жоқ. Еуропа елдерінде аурудың жаңа штаммдары таралуда. Өңіріміздегі жағдай өршімесін десек, сақтанғанымыз абзал. Ал жаһанды жайлаған коронавирус инфекциясының алдын алудың бірден-бір жолы вакцинация болып табылады. Вакциналау – індеттің алдын алудың ең басты шарасы. Екпенің тиімділігі, негізінен, ауыр симп­томдарды болдырмауға қабілетті екендігімен бағаланады. Ал ұжымдық иммунитет – бұл халықтың көпшілігі белгілі бір вирустан қорғалуы тиіс шекті вакцинациялау деңгейіне жету дегенді білдіреді. Коронавирус инфекциясына қарсы ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін еліміздегі ересек адамдардың кем дегенде 70 проценті толық вакцинациялануы қажет. Екпе қабылдау арқылы кеселді дерттен қорғанатынымыз анық. Вакцина – өзіңізді қорғау арқылы басқа адамдардың ден­саулығына қамқорлық жасайтын әрекет. Екпе салдырғаннан кейін де сақтық шараларын ұмытпаған абзал. Ендігі кезекте, әр азамат сақтыққа жауапкершілікпен қараса екен дейміз. Ұжымдық иммунитет қалыптастырсақ қана бұрынғы еркін, қалыпты, қауіпсіз күндеріміз қайта оралмақ, – дейді аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлнар Төлепбергенова.
Расында да, елдегі эпидахуалдың жақсаруына көпшіліктің вакцина алуы себеп болып отыр. Себебі екпе егілген адамның індетті жұқтыру көрсеткіші төмен. Ал жұқтырған күннің өзінде ол адам ауруды еркін еңсеріп, жеңіл жағдайда өтіп кетеді. Карантин талаптары барынша жеңілдетілгенімен, дезинфекциялық шараларды күшейтуіміз керек. Босаңсуға әлі ерте екенін ескерейік.

Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
19 сәуір 2022 ж. 438 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 054

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031