» » Кәсіп сыры – төзімділікте

Кәсіп сыры – төзімділікте


Қаладағы көлік тізгіндегендер астындағы тұлпары ұзақ қызмет етуі үшін техникалық орталыққа жиі апарады. Себебі дамыған қалаларда техникаға көрсетілер қызметтің түрі көп. Қалағаныңызға апара аласыз. Ал шалғай орналасқан елді мекендер үшін көлігін көрсету әсте қиын. Жақында аудан орталығынан тағы да техникаға қызмет көрсету орталығы көлік жүргізушілерге есігін айқара ашты. Жеке кәсіпкер Нұртай Бөрібаев аудан тұрғындарына заманауи үлгідегі қызмет түрін ұсынуда.
Көлігімізді көрсетуге орталыққа біз де бардық. Өзі жақында ғана ашылса да мұнда көлігін көрсетуге келгендердің қарасы қалың. Бірі – мәшинесін жудыруға әкелсе, енді бірі – дөңгелегін желімдетіп әлек. Нысандағы төрт бокс көлігі әртүрлі себеппен келгендерге қызмет көрсетуде. Яғни екі бокс көлік жууға арналса, қалғаны май ауыстырып, техника жөндейді. Одан бөлек, дөңгелек желімдеу қызметі және дүкені тағы бар.

– Кәсіппен 2012 жылдан бері айналысып келемін. Бұған дейін осы орында жылыжай болды. Онда әртүрлі өнімдер өсірілді. Кейін 2017 жылы жылыжайдың жұмысы тоқтады. Уақыт өте техникалық орталық ашуды жос­парладым. Өзімнің негізгі бітірген ма­мандығым – механик. Негізінде бұл жоспар бұрыннан ойда болатын. Қаражаттың жетіспеуінен кейінге қалып келді. Былтыр мемлекеттік бағдарлама бойынша 6 процентпен 4 жылға несие алып, құрылысын салып бітірдім. Биыл ашып жұмысын бастадым. Қазір 5 адамды жұмыспен қамтып отырмын. Бұйырса нысанның жанынан тағы да үлкен көлік жуу орталығын салсам деген жоспарым бар. Онда өз-өзіне қызмет көрсету болады. Жазда іргетасын салып бастаймын. Қазір ауданда көлік көп. Ал оған қызмет көрсететін орталықтар аз. Бұл да бір көлік жүргізгендерге жасаған жақсылығым, – дейді кәсіпкер.
Өте орынды. Қалаға шауып бар­ғаннан, өзің тұратын жерде мұндай жағдайдың жасалғанына не жетсін? Қазір нарық көтерілген тұста алысқа жанармай құртып, қалтаңды қаққаннан, өзіміздің жергілікті қызмет түрін бағалап, қолдау көрсеткен кімді болмасын кәсіпке ынталандырады. Оны осында келген тұтынушылардан да естіп қуанып қалдық.
– Ауданымызда техникалық ор­талықтың көбейіп жатқанына өз басым қуаныштымын. Демалыс күндері бірі босамай жатса, екіншісіне келіп көрсете қоясың. Көлік тізгіндеген жұмысбасты жандар үшін өте қолайлы қызмет. Техникаңды сеніп тапсырып тас­тап кете аласың. Дайын болғанда өздері хабарласады, – дейді кент тұрғыны Сағат Қосназаров.

Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
02 сәуір 2022 ж. 777 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1(10369)

07 қаңтар 2025 ж.

№103 (10368)

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 238
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031