» » Кәсібі дара Дәулет

Кәсібі дара Дәулет

Көлігіңіз жақсы жүріп тұруы үшін бүгінгі таңда оған көрсетілер қызметтің түрі көп. Мәселен, дөңгелегіңіз жарылса немесе мезгілге сай ауыстырғыңыз келсе, дөңгелек жөндеу шеберханасы қызмет көрсетеді. Ал машинаңыздың бойында ақау шығып жатса, онда техникалық-диагностикалық орталыққа тексертуге барасыз. Көліктің жүрегі саналатын моторы жақсы жұмыс істеп тұруы үшін арнайы маман оның май-суын ауыстырып береді. Міне, осылардан өткен техникаңыз сізге ұзақ уақыт қызмет көрсетеді.
Бұрындары ауданда мұндай ор­талықтың саны саусақпен санарлық болса, қазіргі күні қалағаныңызға апарып көрсете аласыз. Кент тұрғыны Дәулет Қанышев кент орталығынан май ауыс­тыру орталығын ашып, жүргізушілерге қызмет көрсетіп отырған кәсіпкер. Көлігіне алаңдағандардың майын және техникалық сұйықтығын жылдам әрі сапалы ауыстырып береді. Заманауи құралдармен жарақтандырылған техникалық қызмет көрсету орталығы көптің көңілінен шығып та үлгерген. Оны осында ағылған көліктердің қарасынан байқадық.
– Кәсібімді 2014 жылы шағын дүкен ашып бастадым. Онда көлікке арналған май, су басқа да техникалық сұйықтықтар саттым. Одан бөлек, техникаға деген қызығушылығым бала кезден бар. Үйімізде көліктің түр-түрі болды. Бұзылып қалғандарын өзім жөндеп үйрендім. Уақыт өте техникалық қызмет көрсету орталығын ашуды жос­парлап, қолға алдым. Қазір өзіңіз көріп тұрғандай мұнда екі бокс келгендерге қызмет көрсетеді, – деді кәсіпкер.
Дәулет көлігін көрсетуге келгендерге өзі қызмет көрсетеді. Май ауыстырудан бөлек дөңгелек желімдеп, жаңасына ауыстырып береді. Қосымша көліктің салқындатқышына сұйықтық құйып берсе, ауа сорғыш сүзгілерін де тазалайды. Осының барлығына керек құрал-жабдықтарын ол өз қаражатына алған.
– Техникалық орталықты салу үшін ешқандай бағдарламаға қатысқан жоқпын. Жинаған қаражатыммен тұрғыздым. Өз маңдай термен еңбектену бала кезден бар қасиет. Мұндағы көлікке қажетті қою майлар сапалы, әрі қолжетімді бағада. Барлығы сырттан келеді. Алдағы уақытта көлік жуу қызметін ашу жоспарда бар. Қазіргі уақытта құжаттары дайын. Бұйырса құрылысын бастаймыз. Сервисте үш бокс қызмет көрсететін болады. Оған арнайы бір маман жұмысқа тартылса, қалған екеуінде өз-өзіне жұмыс жасайды. Яғни өз көлігін өзі жуады, – дейді Дәулет Көптілеуұлы.

Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
10 наурыз 2022 ж. 691 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 115

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930