» » Жаяу жүргіншілер жолы салынуда

Жаяу жүргіншілер жолы салынуда

Биыл ауданда «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік нысандарды қайта жаңғырту қолға алынды. Аудан бойынша 40 жоба жүзеге асырылып, жалпы 809 жұмыс орны, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы тіркеуде тұрған 409 адам жұмыспен қамтылды. Бағдарламада нысандарды жаңартуға елді мекендердегі көшеге орташа жөндеу, жаяу жүргіншілер жолын салу, жарықтандыру енгізілген. Соның бірі – Жосалы кентіндегі Қорқыт ата көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу бүгінгі таңда қыза түсуде.
Қазақ, «жақсы жол елге жора» деп тәмсілдеген. Кент орталығындағы басты көшенің жалпы ұзындығы 1100 метр болса, бүгінге дейін екі жағын қоса алғанда 900 метр жолға брусчатка төселген. Жолдың жұмысын мердігер «ПрофСтрой» компаниясы өз жауапкершілігіне алған. Оған жұмыспен қамту орталығы арқылы ауданнан 15 адам жұмысқа тартылған.
Алыстан қарағанда көз тартатын жүргінші жол кент келбетіне көрік қосуда. Жұмыстың нәтижесіне қарап оң баға беру әлі ерте. Дегенмен құрастырылып төселген қызыл жолдың бүгінгі кейпі біршама өзгергендей. Оның үстімен жүріп өткен тұрғындар жайлылықты сезініп, тіпті әрлі-берлі велосипед теуіп өткен балалардың көңілдері мәз. «Енді үлкен жолда көліктерден қорқа қашып жүрмейміз» дейді олар.
– Бұған дейін жүргіншілер жолының жайын біліп, онымен жүріпте келесіздер. Жол салынбады демеймін, салынды, осыған дейін де жөндеуден өтті. Бірақ сапасы көпке бармайтын. Жазда жаңбырдың, қыста қардың суына сыр берді. Кейбір жері ойылды. Ал бүгінгі төселіп жатқан жолдың сыны кетпейтіндей сапалы болса деген тілегіміз бар. Бұл жолмен күніне жүздеген адам жүріп өтеді. Әр жүрген адамның өзінен сауап жазылады. Алдағы уақытта басқа да көшелерге осындай жолы салынса кентіміз жаңарып сала береді. Игі бастаманы қолға алған кісілерге айтар алғысымыз шексіз, – дейді кент тұрғыны А.Каналбекова.
Мұндағы тіршілік таң атқаннан күн батқанға дейін қызу жүруде. Жұмысшылар жұмысты бітірмейінше бір тынбайды. Әр қайсысы өз міндетіне жауапты. Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыс тапқан Жасұлан Бегалиев осында брусчатка төсеуші.
– Осыған дейін тұрақты жұмысым болмады. Бала-шағаның нәпақасын табу үшін қиын жұмыстарды істедім. Қазір бағдарлама арқылы жұмысқа тұрып, осында қызмет істеп жатқан жайым бар. Жалақымыз тұрақты. Сапалы жұмыс көрсетуге барымды салып жатырмын. Бұйырса тамыз айында бітіреміз деген жоспар бар, – дейді ол.

Ерсін ӘБЛӘКИЕВ

18 шілде 2020 ж. 1 076 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 296

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 393

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930