Жаяу жүргіншілер жолы салынуда
Жосалы кентіндегі орталық көшелердің бірі Қорқыт Ата көшесінде жаяу жүргіншілер жолы салынуда.
Биылғы жылы кентте абаттандыру, көшелерді орташа жөндеу мен бірнеше әлеуметтік нысандарды ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Былтырғы жылы «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында бірқатар нысандарда ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгені белгілі. Атап айтқанда, Жосалы кенті бойынша 9 көшені орташа жөңдеу, 2 орта мектеп, 1 колледж ғимараттарын күрделі жөңдеу, «Шипагер» емханасын ағымдағы жөңдеу мен «Жыраулар үйі» ғимаратының шатырын күрделі жөңдеу жұмыстары атқарылды.
Үстіміздегі жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылатын жобалар тізіміне бірнеше нысандардың қайта жаңғыртылуы мен жөндеу жұмыстары кіріп отыр.
Бағдарлама аясында ауданымызда 8 әлеуметтік нысандардың, елді-мекендердегі 9 көшеге орташа жөндеу жұмыстары, 2 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу, 14 көшеге жарықтандыру жұмыстары, 3 нысанға абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.
Қармақшы ауданы бойынша 40 жоба жүзеге асырылып, жалпы 809 жұмыс орны, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы тіркеуде тұрған 409 адам жұмыспен қамтылатын болады.
Бұдан бөлек, жергілікті бюджеттен Жосалы кентінің паспорттын орнатуға, құқық-бұзушылықтың алдын алу мақсатында көшелерге бейнебақылау камераларын орнатуға тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі