» » Ақылы жол – қауіпсіздіктің басты кепілі

Ақылы жол – қауіпсіздіктің басты кепілі


Көптеген дамыған және дамушы елдерде автомобиль жолдарына ақылы жүйені енгізу тәжірибесі қалыптасқан. Осы тәжірибеде енгізілген ақылы жүйе – жолдардың қауіпсіз әрі жайлы болатынын көрсетіп келеді. Себебі, жолдың күтіміне ерекше мән беріліп, қызмет көрсету сапасы да жақсаруда.
Аудан орталығындағы кент әкім­­шілігінің мәжіліс залында «Қаз­АвтоЖол» ҰК акционерлік қо­ғамының «Қызылорда-Қарабұтақ» автомобиль жолы учаскесінде қауіпсіз жүйені енгізу бойынша қоғамдық кездесу өтті. Оған «ҚазАвтоЖол» саласының мамандары, қоғамдық ұйым өкілдері және аудан тұрғындары қатысты.
Кездесудің мақсаты – ақылы жүйені енгізу арқылы жолда жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін және жайлылығын қамтамасыз етуге, жол апатын азайтуға, жол ин­фрақұрылымының дамуына ықпал жасау.
Қазақстанда алғашқы болып ақылы жүйе – «Нұр-Сұлтан – Щучинск» автожолында енгізілген. Осы 7 жылдан астам уақыт ішінде бірінші санаттағы магистраль жиналған қаржы есебінен күтіліп, жол бойында қызмет көрсетудің сапасы жыл са­йын жақсарған. Нәтижелі тәжірибеден кейін елімізде 2019 жылы «Нұр-Сұлтан – Теміртау», «Алматы – Қапшағай» және «Алматы – Қорғас» ақылы учаскелері іске қосылды. Мамандардың айтуынша, мемлекеттік бағдарлама арқылы тағы да ақылы жолдардың санын көбейту қолға алынбақ.
– Ақылы жолдарды пайдалану тәжірибесінің іске асқанына байланысты 2019 жылы инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Соған сәйкес алдағы 4 жылда республикалық маңызы бар 11 мың шақырым жолда ақылы жүйе енгізу жоспарланып отыр, – деді «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының өкілі Бауыржан Шарапиденұлы.
Заманауи үлгіде енгізілген автожол учаскелерінде міндетті түрде жарықтандыру, үй жануарларының жолға шығып кетпеуі үшін қор­шаулар, сондай-ақ, түнгі уақытта жүргізушілердің қауіпсіздігін қамта­масыз ету үшін арнайы белгілер мен катафоттар орнатылады. Ал мониторинг жүргізудің заманауи смарт-жүйесі жолдағы көліктердің легі мен көліктердің жылдамдығын бақылайды. Сонымен қатар, арнайы байланыс орталығы да қызмет көрсетеді. Онда жүргізушілер тәулік бойы 1403 call-орталығына тегін қоңырау шалып, ақылы автожолдарға қатысты сұрақтарына жауап ала алады.
Ал қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ақылы учаскелерде тәулік бойы патрульдеу жүргізіліп, жол қызметтері жолдың жай-күйін тексереді. Жол жиегін тазалауды жүзеге асырумен қатар төтенше жағдай кезінде жедел көмек те көрсетеді.
Ақылы жолдарды енгізу – жол бойындағы инфрақұрылымды, демалыс орындары мен көлік тұрақтарын, қонақ үйлер, супермаркет және дә­ріханалардың дамуын қамтиды. Сонымен қатар аталмыш нысандар кәсіпкерлерге жалға беріліп, жақын маңдағы елді мекендердің тұр­ғындарын жұмыспен қамтамасыз етпек.
Айта кетсек, жаңа жолдарда төлем қабылдаудың ашық жүйесі енгізілетін болады. Бұл ақылы учаскелерде шлагбаумдар болмайды. Яғни, көліктердің мемлекеттік нөмірлерін тіркеу, жүріп өткен жол үшін ақы алу бақылау аркаларына бекітілген арнайы камералар мен жабдықтардың көмегімен жүзеге асатын болады.
Жол ақысын төлеу үшін ­ав­то­­к­өлік­­тің мемлекеттік нөмірі бо­йынша шотты толтырудың 20-дан астам түрі қарастырылған. Жеңіл автокөлік үшін ІІ-ІІІ техникалық санаттағы жолдармен жүру тегін болмақ. І санаттағы автожолдарға іргелес аудандардың тұрғындарына жылдық абонемент бойынша жеңілдікпен жол жүру ұсынылады. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оған теңестірілген азаматтар, Ауған соғысының ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды ақылы жол үшін ақы төлеуден босату жоспарланған.
Кездесу соңында аудан тұрғындары мамандарға сауалдарын жолдап, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Жаңашыл жүйеге оң көзқарас білдіріп, оның жүзеге асуына сәттілік тіледі.
Ерсін ӘЛІБАЙ
20 ақпан 2021 ж. 2 367 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 053

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031