» » Қоғамдық көлік мәселесі шешілді

Қоғамдық көлік мәселесі шешілді

ЖОСАЛЫ, 27 наурыз – qarmaqshy-tany.kz Қоғам бар жерде көлік мәселесінің туындауы таңсық емес. Соңғы жылдары кент аумағы кеңейіп, мөлтек аудан қосылды. Мөлтектен жаңа мектеп салынды. Адам саны мен тұрғын жайдың көбейгені сол қоғамдық көлікке деген сұраныс бұрынғыдан да арта түсті.
Бұған дейін мектеп оқушыларына арналған автобус болғанымен, ұстаздар мен өзге де қызметкерлер амалсыз такси қызметін пайдалануға мәжбүр-тін. Одан бөлек, мөлтек аудан тұрғындарының орталыққа қатынауы да аса қатты қиындық тудырды.
Мамандардың айтуынша бірде-бір маршруттың қатынамауы – нарықтық бәсекеде такси қызметін тұрғындар көп пайдаланады. Сондықтан маршруттар шығынды ақтамайды. Екіншіден, аудан көлемінде дәл осы кәсіпке бел шешіп кірісетін жанның табылмауы болатын.
Енді міне бұл түйіткілді мәселе оң шешім тапты. Байқоңырлық кәсіпкер, «ТС Абунұр» ЖШС директоры Әбубәкір Ахауов Жосалы кентіне 4 жаңа автобус әкеліп, олар қызмет көрсетуге кірісті. Енді №1 санды маршрут тұрғындарды уақытылы әрі қажетті бағыттармен толықтай қамтамасыз етпек.
Небәрі 4-5 күннен бері қоғамдық көліктің қызметін пайдаланған тұрғындар дән риза. Жаңа автобустар алдағы уақытта кемшіліксіз жұмыс істеп, тұрақты тұтынушыларын табары сөзсіз.
«Қт» ақпарат


27 наурыз 2020 ж. 1 325 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 336
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 108

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930