» » Шынайы күлкі – жанға шипа

Шынайы күлкі – жанға шипа


ЖАНҒА ЖАЙЛЫ КҮЛКІ СЫЙЛАУ, ӘЗІЛДЕСЕ БІЛУ – ӨНЕР. ХАЛЫҚ АРАСЫНДА АДАМДАР АРАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ӘЗІЛ ӘҢГІМЕЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ «АУЫЛДЫҢ АЙТҚЫШТАРЫ», «ДЕГЕН ЕКЕН...», «БІРҚАҚПАЙЛАР», «АЙТҚАН ЕКЕН...» ДЕГЕН ҰҒЫМДАР ҚАЛЫПТАСЫП, ӨЗ АЛДЫНА БӨЛЕК БІР ТАҚЫРЫПҚА АЙНАЛҒАН.
«Күлкі күні» атауына ие болған 1 сәуірді бір кездері «Алдау күні» деп те атайтын едік. Біреуді алдап соққанымызға мәз болып, түп-төркініне бойлай бермейтінбіз. Есейе келе мұсылман жұрты бір-бірін алдауға болмайтындығын білдік. Зілсіз, өзіміз зиянсыз дейтін алдаудың өзі келесі бір адам үшін қолайсыздық, ыңғайсыздық тудыруы әбден мүмкін. Сондықтан алдаудың, күлудің жөні осы екен деп бас жоқ, көз жоқ әрекетке баруға болмайды. Ал жаныңды жадыратар күлкінің, жақын адамдар арасындағы әзілдің орны бөлек.
Күлкі күнін тойлау өзф бастауын Франция­дан алған деген мәлімет бар. Адам баласы бұл күнді ерте заманнан атап өткені жайлы ақпараттар легі де кездеседі. Жалпы, адам өмірінде күлкінің орны ерекше. Шынайы, риясыз күлкі адам бойындағы бақыт гармондарын оятады. Адам күлген кезде қан тамырлары кеңейіп, қысым азаяды екен. Соның нәтижесінде жүрек, өкпе секілді ағзалардың жұмысына оң ықпалын тигізеді. «Күлкі өмірді ұзартады», «Жауыңа қарап ашуланба, бір жымиып қана күл», «Күлкі – ауруды басатын дәрі», «Итпен ойнасаң үрерсің, Баламен ойнасаң күлерсің», «Күлкі – ашылған гүл, Көңіл – шашылған нұр», «Көңілсізден күлкі шықпас», «Көп күлкісі күннен де жылы» деген сияқты халық аузындағы мақал-мәтелдер күлкінің пайдасын бір ауыз сөзбен түйіндеп беріп тұр емес пе?!
Студент кезім. Жазғы демалысқа ауылға келгенмін. Әжемнің үйінде бауырлар бас қостық. Киіз үйдің ішінде кешкі асқа ет жеп отырғанбыз. Әкемнің інісінің ұялы телефоны шыр ете қалды. Ұялы телефонның ауыл адамдарының қолына жаңа тиіп, ауыл-ауылда ұялы байланыс желісінің жаңа іске қосылып жатқан кезі. Көкем телефонды құлағына тосты:
– Әлө!
– Ассалаумағалейкум, аға!
– Уағалейкумассалам. Шаруаңды тез айт, қолым тимей жатыр.
Ешқандай жұмыс жасамай, асықпай ет жеп отырған көкеме қарап қаппыз. Қол тимейтіндей не істеп жатыр деп.
– Не істеп жатырсыз, аға?
– Не істеуші ем, ет жеп жатырмын.
Телефонның арғы жағы да, бергі жағы да күлкіге қарық болды. Хабарласқан кісі көкемнің әзілдесетін адамы болса керек. Басында сасып қалып, артынан күліп жіберді де, кейін қоңырау шалатынын айтып, қоя салды. Ет жеуді де арнайы жұмыс деп қарайтын халықтың ұрпағы емеспіз бе?! Көкемнің қарапайым әңгіме арасындағы осы бір кішкене әзілінің өзі сол жерде отырғандарға шынайы күлкі сыйлады.
Күлкілі әңгіменің бір тобы балалармен байланысты. Бала тілі – бал. Олардың шын жүректен айтқан жауаптары, төбеден жай түскендей қылатын кейбір сөздері үлкендерді де күлкіге қарық қылады.
Ағамның қызы 4-5 жаста болса керек. Үй телефоны шырылдайды. Үлкендердің бәрі далаға шығып кеткен. Үйде жалғыз қалған кішкентай сіңілім тұтқаны көтереді.
– Әлө!
– Алло, бұл кімнің үйі? (бала сөйлегенге нақтылап алайын десе керек).
– Апамның үйі.
– Апаңның аты кім?
– Апа.
Мардымды жауап ала алмайтынын түсінген әлгі кісі тұтқаны қоя салыпты. Кейіннен үйдегілерге айтып күлетін көрінеді.
Жүзімізге күлкі үйірілетін сәттер көп болсын! Шынайы күле алатындар қатарынан табыла білейік дегім келеді. Күліп жүріңіздер.
Лаура БАҚТЫБАЙ
02 сәуір 2022 ж. 1 224 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 050

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031