» » Облыс прокуроры үндеу жариялады

Облыс прокуроры үндеу жариялады



ҮНДЕУ
«Прокуратура туралы» Заңының 31-бабының тәртібімен
ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Соңғы уақытта облыс кәсіпорындарындағы еңбек даулары жиілеп кетті.
Көбінесе олар стихиялық ереуілдерге көшеді.
Әлеуметтік-экономикалық және кәсіптік талаптарды қанағаттандыру мақсатында қызметкерлер ереуіл жариялауға құқылы.
Алайда бұл үшін татуластыру рәсімдерінің кезеңдерінен өту керек, әйтпесе ереуіл заңсыз деп танылады.
Осыған байланысты ұжымдық еңбек дауларын қарау тәртібі 2015 жылғы 23 қарашада қабылданған Еңбек кодексімен (бұдан әрі – Кодекс) реттелетінін түсіндіреміз.
Жұмыс беруші үш жұмыс күні ішінде жұмыскерлердіңқойған талаптарын қарауға және оларды шешу үшін шаралар қабылдауға, ал оларды шешу мүмкін болмаған кезде,өз шешімдері мен ұсыныстарын жазбаша түрдежұмыскерлерге жеткізуге міндетті(кодекстің 163-бабының 2-бөлігі).
Бұдан әрі дау татуластыру комиссиясында(жеті жұмыс күніне дейінгі мерзімде) шешілуге тиіс.
Бұл тепе-теңдік негізде тараптардың бірлескен шешімімен құрылған орган.
Татуластыру комиссиясы дауды шешу процесінде қызметкерлермен, жұмыс берушімен және басқа да адамдармен консультация жүргізеді.
Комиссияның шешімі тараптардың келісімі негізінде қабылданады, хаттамамен ресімделеді және тараптар үшін міндетті күші болады.
Татуластыру комиссиясының мүшелері келіссөздерге қатысқан уақытта жалақысы сақтала отырып, жұмыстан босатылады.
Бұл ретте тараптардың ешқайсысы татуластыру рәсімдеріне қатысудан жалтаруға құқылы емес екенін атап өтеміз.
Татуластыру комиссиясында келісімге қол жеткізілмеген кезде оның жұмысы тоқтатылады, ал тараптар дауды шешу үшін әкімдік өкілдерін (мемлекеттік еңбек инспекторын)тарта отырып, еңбек төрелігін құрады (Кодекстің 165-бабының 6-бөлігі).
Еңбек төрелігі мүшелерінің саны, оның құрамы және еңбек дауын қарау тәртібі тепе-теңдік негізде тараптардың келісімімен айқындалады (бұл ретте еңбек төрелігі кемінде бес адам болуға тиіс).
Татуластыру комиссиясының мүшелері жұмыскерлердің қаралып отырған талаптары бойынша еңбек төрелігінің құрамына кіре алмайды.
Еңбек төрелігінің шешімі жеті жұмыс күніненкешіктірілмей төрелік мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады және орындау үшін міндетті болып табылады.
Төрелік реттемеген мәселелер бойынша соттарға жүгіну қажет.
Бұл ретте жұмыс берушінің немесе прокурордың өтініші бойынша тиісті рәсімді сақтамай ереуіл өткізу тек сотпензаңсыз деп танылуы мүмкін.
Бұл жағдайда сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға мәжбүрлегені және шақырғаны үшін 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен қылмыстық жауапкершілік көзделген (Қылмыстық кодекстің 157 және 402-баптары).
Азаматтарды қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз ереуілдерге қатыспауға шақырамыз.
Құқық қорғау органдары белгіленген тәртіпке, қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын кез келген құқық бұзушылықтың жолын кеседі, сондай-ақ оларға жол бермеу жөнінде заңда көзделген шараларды қолданады.
Н.Бижанов,
Қызылорда облысының
прокуроры                                                              
25 наурыз 2022 ж. 400 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031